Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылар және Әділет департаменті мен Сауран ауданы әкімі аппаратының өкілдерімен қатысқан ауқымды шарада тегін заң көмегі көрсетіліп бірқатар ақпараттар айтылып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мобильді қоғамдық қабылдау бастамасы «Amanat» партиясын трансформациялау жұмыстарының азаматтармен кері байланысты күшейту тармағының аясында жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұйым жұмысын қайта құруды тапсырып, қоғамдық қабылдау бөлмелері тек шағымдармен ғана емес, елді дамыту бойынша нақты идеялармен келетін азаматтар үшін өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салатын орынға айналуы тиіс екенін атап өтті. «Азаматтарды көшпелі қабылдауды жиі өткізіп, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесу керек», деген болатын сол кездемемлекет басшысы.
Бүгінде мобильді қоғамдық қабылдаулар Қазақстанның барлық өңірлерін аралап, шалғай ауылдарға ерекше көңіл бөлінуде. Мобильді қабылдау бөлмелерінің жұмысына мәслихат депутаттары – партия фракциясының мүшелері, өңірлік филиалдардан Бюро мен Саяси кеңес мүшелері, қоғамдық кеңестер мен мемлекеттік органдардың өкілдері және т.б. қатысуда. Мобильді қоғамдық қабылдаулар тұрақты түрде жұмыс істейтін болады.
Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құру жолында адам құқықтары мәселесіне баса мән беріп отырғаны баршаға белгілі. Елімізде Конституциялық сот құрылып, Бас прокуратура мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл конституциялық мәртебеге ие болғанын да алға тарта кеткен жөн. Халық арасында құқықтық мәселелер өте өзекті. Соған байланысты, «Amanat» партиясының бастамасыменбиылдан бастап өңірлерде тұрғындардың құқығын қорғайтын «Құқықтық көмек» партиялық жобасы пилоттық режимде іске қосылды.
Жасыратыны жоқ, қоғамда азаматтардың құқықтық, қаржылық сауаттылығы әлі де төмен. Соның салдарынан, олар сотта немесе басқа да мемлекеттік органдарда мүдделерін қорғай алмай жатады. Шалғайдағы ауыл тұрғындарының бәрі бірдей мұндай кәсіби көмекке қол жеткізе алмай отырғандықтан, жаңа партиялық жоба аясында заңгерлер ауыл-ауылды аралап, халыққа арнайы құқықтық көмек көрсетеді. Әділдік пен заңның үстемдік құруы осындай нақты істерден басталады десек, қателесе ұоймасымыз белгілі.
«Құқықтық көмек» партиялық жобасы шеңберінде заңгерлер жергілікті жерде азаматтарға заңгерлік көмек көрсету үшін әр облыстардағы аудан орталықтарына барады. Яғни сотта, қылмысты қудалау органдарында және тағы басқа жағдайда азаматтарға өкілеттік етуге, арыз-талап толтыруға, өзін қорғауға көмек көрсетіледі. Тұрғындарға қаржы және құқықтық мәселелер бойынша түрлі кеңес беріледі.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»