Жобалық басқару – менеджменттегі тиімділікті арттыруға ықпал ететін бірегей тәсілдердің бірі. Ұлыбритания бұл салада әлемдегі лидерлердің бірі. Мемлекеттік орган басшылары мен аудан, қала әкімдіктері, ауылдық округтердің әкімдері мен мемлекеттік қызметкерлер еліміздің 2025 жылдары дамудың Ұлттық жоспарын және Түркістан облысын 2021-2025 жылдары дамыту бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін жобалық басқарудың заманауи үлгісі қолданылады.
ҚР жобалық менеджерлер одағының вице – президенті Арман Евниевтің мәлімдеуінше, Тиімділік және өнімділік - Мемлекеттік аппарат шектеулі ресурстармен көбірек жұмыс істеу қажеттілігінің қысымына ұшырайды. Жобаны басқарудың тиімді әдістері процестерді оңтайландыруға, тиімсіздікті азайтуға және жалпы өнімділікті арттыруға көмектеседі.
- Бюджеттік бақылау - Мемлекет есебінен іске асырылып жатқан жобалар көбінесе шектеулі бюджет шеңберінде жүзеге асырылады және артық шығындар қаржылық шиеленіске және халықтың наразылығына әкелуі мүмкін. Жобалық басқару әдістері бюджет қаражатының артық жұмсалуын болдырмау және қаражаттың жауапкершілікпен пайдаланылуын қамтамасыз ету арқылы шығындарды бақылауға көмектеседі. Қиындықтарды тиімді өту - мемлекеттік жобалар көптеген мүдделі тараптардың, департаменттердің және ережелердің әсерінен өте күрделі болуы мүмкін. Жобаларды дұрыс басқару осы қиындықтарды жеңуге көмектеседі, бұл жобалардың мақсаттарына жетуін және құқықтық және нормативтік талаптарға сай болуын қамтамасыз етеді. Ашықтық және есеп беру - мемлекеттік жобалар көбінесе қоғамдық сенімді ақтау үшін ашықтық пен есеп берудің жоғары деңгейін талап етеді. Жобаны тиімді басқару әртүрлі мүдделі тараптарға, соның ішінде жұртшылыққа жобаны іске асыру барысы, шығыстары мен нәтижелері туралы есеп беру үшін құрылымдық негізді қамтамасыз етеді. Тәуекелдерді басқару - мемлекеттік жобалар масштабына және қоғамға жасайтын әсеріне байланысты жиі елеулі тәуекелдерді қамтиды. Жобаны дұрыс басқару тәуекелдерді анықтауды, бағалауды және азайтуды, жобаның сәтсіздіктерін немесе жағымсыз салдарын азайтуды қамтиды. Осылайша, Мемлекеттік аппаратта жобалық басқару әдістерін қолдану өте маңызды, өйткені ол ресурстарды тиімді пайдалануға, жобаларды сапалы орындауға және Мемлекеттік қызметтерді тиімді және ашық ұсынуға кепілдік береді,-дейді Арман Евниев.
Түркістан облысында жобалық басқару жүйесіне көшу және оны қолданысқа енгізу бойынша жұмыстарға күш салынған. Жобалық басқару жүйесіне ауылдық округте жүзеге асырылып жатқан жобадан бастап, ең ірі инвестициялық жобалар енгізілген. Платформада жобаның орындалысы, кімдер жауапты, қашан аяқталатыны, нәтижесі, оның қиындықтары туралы ақпаратты көруге болады. Жобалық басқару мемлекеттік бюджетті тиімсіз жаратуға және мақсатсыз жұмсауға жол бермейді.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік аппаратта жобалық басқару қағидаттарын енгізуді жалғастыру маңыздылығын және барлық мемлекеттік орган жұмыстың жаңа форматына белсенді кірісіп, оларды іс жүзінде қолдануы керектігін айтты. Президентіміз Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, билік өкілеттіктерін орталықсыздандыру және мемлекеттік органдар қызметіне жобалық әдісті белсенді енгізу арқылы әкімшілік реформаны тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Жобалық басқару дамыған елдердің озық үлгісі, тиімді тәсілі саналады. Жобалық басқару – халықтың қаржысын ысырап етпей, тиімді әрі орнымен жұмсауға, жемқорлықты төмендетуге оң ықпалын тигізеді. Бұл ретте, Түркістан облысы әкімдігінің қызметкерлері жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларымен тереңірек танысу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқаратын боламыз,-деді облыс әкімі.
Бүгінде жобалық басқару туралы сауат ашу жұмыстарыжүргізіліп жатыр. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне арнап оқыту семинарлары өткізіледі. Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін жобалық басқаруға толық көшіру 2025 жылға жоспарлануда. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы шеңберінде берілген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді. Жоба шеңберінде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге және тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа тәсілдер қалыптастырылды.
Айтылған шараларды сапалы іске асыру 2025 жылға қарай уақыт сын-қатерлеріне жауап беретін және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес тұрғындардың мүдделерін толыққанды іске асыруға бағытталған жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жобалық басқару – халықтың қаржысын ысырап етпей, тиімді әрі орнымен жұмсауға, жемқорлықты төмендетуге оң ықпалын тигізеді дейді мамандар. Әйтпесе, ескі тәсілде мысалы, мемлекет қолдауымен кәсіпорын тұрғызылады. Алайда ол іске қосылған соң ғана оған шикізат жеткізу жағы ойластырылмағаны, оны қуаттандыратын энергия көзінің тапшы екені, өнімін өткізетін нарықтардың жоғы анықталады, басқа да нюанстары ескерілмеген болып шығады. Яғни, дамыған елдердегідей жобалық басқару қағидаттары ескерусіз қалады. Ақыры ондай кәсіпорын не толық қуатына шыға алмайды, не жабылып тынады.
Индустриалдық-инновациялық даму, ауызсу және басқа бағдарламаларда осындай олқылықтар мен жөнсіздіктер байқалды. Әкімдіктерде де, министрліктерде де жобалық басқаруды білетін, оның әдістерін меңгерген маман аз. Ал Америкада жобалық басқаруды меңгеру – бірқатар мемлекеттік лауазымда кандидаттарға қойылатын басты біліктілік талаптарының бірі саналады. Сарапшылардың түсіндіруінше, жобалық басқарудың басты ерекшелігі сол, оның аясында әрбір бастама, әрбір тапсырма жеке жоба ретінде қаралады. Оның басты мақсат-міндеттері, түпкі көрсеткіштері бекітіледі, оны орындау үшін қажетті команда жасақталады. Оның басшысы нәтижеге жетуге басымен жауап беруге тиіс. Өйткені жауапты адам болмаса, іс те оңбайды. Мықты команда болмаса, іс ілгері жылжымайды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жобалық басқарудың бейресми «басты органы» (ол заңмен бекітілмеген) деп санауға болатын Цифрлық үкімет кеңсесін (ЦҮК) Президентке сонау 2021 жылы таныстырды. Сонда ведомство жаңа тәсіл бюрократияны, түрлі күрмеулі кедергіні, деректер базаларын былықтырған қайшылықтарды жоятынына сендірген. Бұл ретте ЦҮК құрамында Жағдаяттық орталық, Ұлттық сараптамалық орталық, Цифрлық трансформация орталығы және ұлттық жобалау кеңселері құрылды. Оған барлық ақпараттық база қолжетімді және ол бүкіл өңірлермен етене жұмыс істеп, жобаларға қатысты барлық жағдайды назарда ұстайды.
Сынақ ретінде қолға алынған бұл бастама тиімділігін көрсетті. Өңірлерден орталыққа түсетін қаншама күдікті есеп пен дәлелсіз дерек әшкереленіпті. Мәселен, пандемия кезінде коронавирусқа, вакциналауға қатысты кейбір ірі кәсіпорындар мен әкімдіктердің есебі жалған болып шыққан. Олардың көрсеткіштері түрлі базадағы мәліметтермен салыстырылып, сараптама жасалғанда, сандар өзара сәйкес келмей, «басқа ақиқат» анықталды. Бұл кеңсе біраз жөнсіздікті ретке келтіріп, процестерді автоматтандыруға үлес қосқан. Мысалы, бұған дейін жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін 11 қадам жасап, 88 күн күту керек болса, жаңа үдеріс енгізілгелі бұған 3 қадам жасап, бірнеше күнде қол жеткізуге болады.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат