Сонымен бірге кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған құқық бұзушылықтар, шомылу маусымында судағы қауіпсіздік шаралары және орман, дала өрттерімен күрес және олардың алдын алу жұмыстарының барысы туралы жауапты басшылардың есептері тыңдалды. Өңір басшысы тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда тұруы керектігін, әрбір мекеме өзіне жүктелген міндетті сапалы орындауы тиіс екенін айтты.
– Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты бақылауда болуы тиіс. Тұрғындардың өтініш-тілектері, көтерілген мәселелер бойынша әкімдіктер, басқармалар жедел әрекет етулері керек. Ағын сумен, ауыз сумен қамту бойынша нақты жұмыстар жалғасқаны жөн. Дала өрттерінің алдын алу, суға шомылуда қауіпсіздікті сақтау, балалардың қауіпсіздігін қорғау бағытындағы жұмыстар да жүйелі атқарылуы қажет, – деді облыс әкімі.
Мәжілісте Түркістан облысы әкімінің орынбасарлары Бейсен Тәжібаев пен Ермек Кенжеханұлы өз салалары бойынша баяндама жасады. Жаңа оқу жылына дайындық, мектептерді асханамен қамту, шаруаларға ағын су жеткізу, жайылым жер мәселесі, жер дауы және өзге де түйткілдер тарқатылды. Шаруаларды ағын сумен қамту және вегетациялық маусымға дайындық деңгейі бойынша Жетісай мен Мақтаарал ауданы әкімдері есеп берсе, конго-қырым қызбасының алдын-алу шаралары жөнінде Төлеби мен Сауран ауданы әкімдерінің баяндамалары тыңдалды. Жалпы 2023 жылға Жетісай ауданының егістік алқаптарына 663 млн.м3 ағын су лимиті бекітілген болса, бүгінгі күнге дейін нақты алынған су көлемі – 316,013 млн м3. Мақтааралда да мәселе бар. Аталған түйткілдер бойынша жауапты мекемелермен бірлесіп жұмыс істеу жөнінде тапсырма берілді.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Нұрғали Жүнісовтің айтуынша, облыс аумағында суға түсуге рұқсат етілмеген орындарда департаментпен және аудандық, қалалық әкімдіктермен бірлесіп тиісті іс-шаралар ұйымдастырылуда. Департаменттің аудандық, қалалық ТЖ бөлімдері мен басқармалары тарапынан 2624 қызметкер тартыла отырып, 1172 рейд ұйымдастырылды Нәтижесінде құзырлы органдар арқылы 141 жеке тұлғаға 1 725 000 теңге айыппұл салынды. Адамдардың суға кетуінің алдын алу және болдырмау мақсатында жұмыспен қамту орталықтары арқылы 43 адам жұмысқа қабылданып, ТЖ департаментінен даярлықтан өткізілді. Бұл азаматтар судағы және өрт қауіпсіздігі бойынша жұмыс істеуде. Қазығұрт, Созақ, Ордабасы, Келес, Сарыағаш аудандарында аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойларына өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары атқарылған.
Ал Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін сақтау бағытындағы жұмыстарды баяндады. Оның мәлімдеуінше, Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын» әзірлеген. Аталған бағытта Полиция департаменті бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда, полиция қызметкерлері мен жастар арасындағы байланысты одан әрі нығайту мақсатында Полиция департаменті мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ арасында меморандумға қол қойылды. «Отан қорғаушылар» күніне орай, жас сақшыларға экскурсия ұйымдастырылған.
Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында, полиция қызметкерлерімен ұдайы түрде түнгі рейдтер мен «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» және «Жасөспірім және жауапкершілік» атты жедел профилактикалық іс-шаралары өткізілуде. Облыста 800 мыңға жуық кәмелетке толмағандар бар. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аймақтық учаскелік инспекторлары саны –167.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде құқық бұзушылыққа бейім 413 кәмелетке толмаған және бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 266 қолайсыз отбасы полицияның есебіне алынды. Ата-ана бақылауынсыз жүрген 44 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды. Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 157 жасөспірімнің ата-аналары мен заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Мәжілісте балалардың құқығын қорғау, білім ұяларында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша дәрістер өткізу және өзге де ұсыныстар беріліп, хаттамаға енгізілді.
Сондай-ақ, реті келгенде айта кетсек, жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты Түркістан қалалық пробация қызметі мен қалалық прокуратураның прокурорының қатысуымен Түркістан қалалық пробация қызметінде тіркеуде тұрған сотталғандарға құқық бұзушылықтардың алдын алу түсіндірілді. Аталған жиынға он бес сотталған қатысып, қала прокурорына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Аталған іс-шара пробация қызметінде есепте тұрғандармен құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында өткізілді. Сонымен қатар, прокурорлар пробация қызметінде есепте тұрғандарға пробациялық бақылауды бұзған жағдайда (сот жүктеген міндеттерді орындамағанда, қайталап қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда, пробация қызметіне келмегенде және т.б.), сотпен тағайындалған жаза неғұрлым ауыр жазаға ауыстырылатынын ескертті. Қазіргі таңда Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғалар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қайта қылмыстың алдын алу бойынша пробация қызметі мен қалалық прокуратура өзара іс-қимылдарының тиімділігін арттыру мақсатында, ПҚБ есебінде тұрған сотталғандар жағынан қайта қылмыстар мен құқық бузушылықтың алдын-алу мақсатында бірлесіп бірқатар жұмыстар өткізуде.
Іс-шараның мақсаты – қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан жасалуы мүмкін болатын қайта құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаудың алдын-алу, жолын кесу болып табылады. Пробация қызметінің қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесе отырып, тіркеудегі сотталған тұлғаларды тексеру кезінде мекен-жайыдан, аудан тұрғындары демалатын ойын-сауық кешендері бойынша кешкі және түнгі уақытта жүрмеуі де қатаң ескертілді. Өткізілген іс-шаралар барысында аталған тұлғалар арасында жазасын өтеуден бас тарту немесе басқа да бұзушылықтар анықталған жағдайда Түркістан қалалық пробация қызметі сот органдарына сотталған тұлғаларға қатысты жазасын өтеудегі сынақ мерзімін ұзарту немесе қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазасын бас бостандығын айыру жазасына ауыстыру жайлы ұсыныстар енгізеті де айтылды. Сотталғандармен толық тұрғыда әңгімелесу жүргізіліп, жазасын өтеу тәртіптері мен сотпен анықталған міндеттер және оларды бұзудың салдары қосымша түсіндірілді, — деді Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің инспекторы әділет лейтенанты Арсыланбек Бесенеев.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат