Сенбі, 14 Қазан 2023 15:36

Түркістан облысында жайылымдарды елге қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Түркістан облысында жайылымдарды халыққа қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бағыттағы тапсырмасының орындалу барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен талқыланды.

Жаңа форматта өткен отырыста баяндалған тақырыпқа қатысты шешілмеген мәселелер бөлек қаралды. Яғни, әрбір баяндамаға қатысты облыс әкімі аппараты тарапынан сараптама жасалып, кемшіліктер сараланады. Былтыр Түркістан облысында 412,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, меморандум арқылы 622,6 мың гектар жер елге ортақ пайдалануға берілген. Осылайша, 1 млн. гектардан астам жайылым тапшылығы шешімін тапқан.

– Жайылым жер тапшылығы мәселесін шешу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру керек. Бұл – ел үшін аса маңызды. Бірнеше аудан, қала әкімдіктері тарапынан жерді қайтару жұмыстарында кемшілік анықталып отыр. Бекітілген жер телімдеріне жүйелі түрде мониторинг жүргізіп, мақсатсыз пайдаланылған жерді мемлекетке қайтару үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырамын. Жайылым жерлерлерді конкурс арқылы беру барысында ең бірінші кезекте елді мекендерді ортақ жайылыммен қамтамасыз ету ескерілуі қажет. Бұл күнделікті жұмыс болуы тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.

Еліміздегі жалпы мал басының 18 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Биыл өңірде жайылым тапшылығы 2122,2 мың гектарды құрады. Осы бағытта ортақ жайылымның көлемін ұлғайтып, елді мекендегі мал бастарын шалғайдағы маусымдық жайылымдарға шығаруды ұйымдастыру, аудандарда мал бордақылау алаңдарын және отбасылық сүт фермаларын арттыру көзделген. Нәтижесінде 2024 жылға облыстағы жайылым тапшылығы төмендеп, 1107,8 мың гектарды құрайды.

Жыл қорытындысымен 333,2 мың га жер учаскесі ортақ жайылымға қайтарылып, елді мекендердегі жайылым жүктемесінен 681,8 мың га кемиді. Ортақ жайылым жерлерді қайтару барысы туралы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысының баяндамасы тыңдалды. Түркістан облысында жайылым жердің жалпы аумағы 8 млн. 860 мың гектардан асады. Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар үшін жайылым жер жеткілікті. Негізгі мәселе – мал басына қажетті ортақ жайылымның тапшылығында.Облыс әкімі көптің көкейіндегі мәселенің шешілуі қатаң бақылауда екенін айтты. Төрт түлігімен күн көрген ауылдағы ағайынға жетпеген жайылым проблемасына қатысты жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

«Қолжетімді жайылым» жобасы аясында облыс әкімдігі облыстық прокуратура мен бірлесе іс-шаралар жоспары әзірленіп, жұмысшы топ құрамы бекітілді. Жұмысшы топ тарапынан ауылдардағы нақты мал басына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ауылдық округтердің жайылыммен қамтамасыз ету сызбалары әзірленді. Зерделеу жұмыстарының барысында «Ауыл шаруашылығы жануарларды бірдейлендіру» (ИСЖ) базасындағы жұртшылықтың нақты мал басымен ауылдық округ әкімдерінің статистикалық басқармаға ұсынған ақпаратында айырмашылықтар анықталуда.

2022 жылдың 1 шілдесінен бастап ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мақсатына сай пайдалануына космомониторинг жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 4543 жер пайдаланушының 560,6 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерінің мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталған.

Жалпы, облыста мал шаруашылығы көрсеткіштері оң динамиканы көрсеткенімен, жайылым жерлердің тапшылығы бар. Тапшылықты жою үшін ортақ жайылым көлемін биыл 1 миллион 15 мың гектарға ұлғайту жоспарланған. Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамыту аясында жайылымдық жерлерге түсетін жүктемені төмендету мақсатында басымдық мал бордақылау алаңдары мен сүт-тауарлы фермаларын ашуға беріледі. Бұл бағыттарда биыл бірқатар ірі инвестициялық жоба іске асырылады.

Түркістан облысында 412,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, меморандум арқылы 622,6 мың гектар жер елге ортақ пайдалануға берілген еді. Осылайша, 1 миллион гектардан астам жайылым тапшылығы шешімін тапқан. Осы аталған бағытта мемлекет басшысы жайылым жерлерді мемлекетке қайтару жайында тиісті тапсырмалар берген болатын. Жүктелген тапсырмалар аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды былай деді: «Жайылым жер тапшылығы мәселесін шешу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру керек. Бұл – ел үшін аса маңызды. Бірнеше аудан, қала әкімдіктері тарапынан жерді қайтару жұмыстарында кемшілік анықталып отыр. Бекітілген жер телімдеріне жүйелі түрде мониторинг жүргізіп, мақсатсыз пайдаланылған жерді мемлекетке қайтару үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырамын. Жайылым жерлерлерді конкурс арқылы беру барысында ең бірінші кезекте елді мекендерді ортақ жайылыммен қамтамасыз ету ескерілуі қажет. Бұл күнделікті жұмыс болуы тиіс».

Айта өтсек, еліміздегі жалпы мал басының 18 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Биыл өңірде жайылым тапшылығы 2122,2 мың гектарды құрады. Осы бағытта ортақ жайылымның көлемін ұлғайтып, елді мекендегі мал бастарын шалғайдағы маусымдық жайылымдарға шығаруды ұйымдастыру, аудандарда мал бордақылау алаңдарын және отбасылық сүт фермаларын арттыру көзделген. Нәтижесінде 2024 жылға облыстағы жайылым тапшылығы төмендеп, 1107,8 мың гектарды құрайды. Жыл қорытындысымен 333,2 мың гектар жер учаскесі ортақ жайылымға қайтарылып, елді мекендердегі жайылым жүктемесінен 681,8 мың гектарға кемиді. Ортақ жайылым жерлерді қайтару барысы туралы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысының баяндамасы тыңдалды. Түркістан облысында жайылым жердің жалпы аумағы 8 миллион 860 мың гектардан асады. Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар үшін жайылым жер жеткілікті. Негізгі мәселе – мал басына қажетті ортақ жайылымның тапшылығында.

 Облыс әкімі көптің көкейіндегі мәселенің шешілуі қатаң бақылауда екенін айтты. Төрт түлігімен күн көрген ауылдағы ағайынға жетпеген жайылым проблемасына қатысты жауаптыларға нақты тапсырмалар берді. «Қолжетімді жайылым» жобасы аясында облыс әкімдігі облыстық прокуратура мен бірлесе іс-шаралар жоспары әзірленіп, жұмысшы топ құрамы бекітілді. Жұмысшы топ тарапынан ауылдардағы нақты мал басына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ауылдық округтердің жайылыммен қамтамасыз ету сызбалары әзірленді. Зерделеу жұмыстарының барысында «Ауыл шаруашылығы жануарларды бірдейлендіру» (ИСЖ) базасындағы жұртшылықтың нақты мал басымен ауылдық округ әкімдерінің статистикалық басқармаға ұсынған ақпаратында айырмашылықтар анықталуда.

Түркістан облысы әкімдігінің хабарлауынша, облыстағы жалпы жер қоры — 11,6 миллион гектар. Оның ішінде: ауыл шаруашылығы жерлері — 4,5 миллион гектар;орман қорының жерлері — 3 миллион гектар;елді мекендер аумағы — 799,7 мың гектар;ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер — 430,4 мың гектар;өнеркәсіп, көлік, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер — 125,1 мың гектар;су қорының жерлері — 134,5 мың гектар;бос жерлер — 2,6 миллион гектар. Ауыл шаруашылық жерлерінің ішінде:  жайылым — 3,3 миллион гектар; егістік — 875,3 мың гектар; тыңайған жер — 96,1 мың гектар; шабындық — 68,5 мың гектар; көпжылдық екпелер — 27,8 мың гектар; өзге жерлер — 117,2 мың гектар;

2021 жылы аудан, қалаларға қарасты 174 ауылдық округтердегі 841 елді мекендер бойынша талдау жасалынып, жайылым тапшылығы 3,9 миллион гектарды құрады. Облыс бойынша ортақ жайылымның көлемі 748,0 мың гектарды құрап, 70 ауылдық округ (247 елді мекен) қамтамасыз етіліп, 2022 жылдың  1 қаңтарына жайылым тапшылығы 3,1 миллион гектарды құрады. Тапшылықтың 35,4%-дан астамы (1,1 миллион гектар) жайылымдық алқаптары жоқ 3 ауданға тиесілі.

Атап айтқанда, Жетісай (тапшылық — 383,6 мың гектар) және Мақтаарал (тапшылық — 251,0 мың гектар) аудандарында ауыл шаруашылығы жерлерінің 95%-ын суармалы жерлер құрайды, ал осы аудандардағы  жайылымдардың жалпы ауданы бар болғаны 2,2 мың гектар ғана. Ал Сайрам ауданының жайылым тапшылығы 471,1 мың гектар болса, ауданның жалпы жайылым көлемі 31,7 мың гектарды ғана құрайды.

Әкімдіктің мәліметінше, 2023 жылға жалпы жайылым тапшылығы 2122,2 мың гектарды құрап отыр. Осыған байланысты, 2023 жылға ортақ жайылым көлемін ұлғайту жоспарының жобасы әзірленіп, аудан, қала әкімдіктерімен нақтылануда. Ведомствоаралық кіші топ тарапынан 2022 жылдың қорытындысы бойынша 521,7 мың гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. 2023 жылға облыс бойынша мақсатына сай пайдаланылмаған 330,0 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр екен.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 89 рет