Сейсенбі, 30 Сәуір 2024 12:48

Отырар ауданы: қадамдық жоспар аясында «қызмет алушылар күні» өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары аясында Қызмет алушылар күні облыс көлемінде ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Қадамдық жоспарды іске асыру және жергілікті тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында Отырар ауданы әкімі аппаратының жанынан ашықлған Халықтық кеңседе қызмет алушылар күні өтті. Тұрғындардың халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар, зейнетақылар, жеңілдіктер мен атаулы әлеуметтік көмектер алу, көтерме жәрдемақылар туралы сауалдарына аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердің жауапты мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қызмет алушылар күнінде сала мамандарына 17 аудан тұрғыны жүгініп, оларға құқықтық кеңестер берілді. Кеңеске жүгінген тұрғындар көбіне «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша болып, өздерін толғандырған сауалдарына аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлвира Үркінбаева тұшымды жауаптарын берді.

Шара барысында Көші-қон қызметі, Әкімшілік полиция және жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері қызмет алушыларға құжаттама саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін, оның ішінде паспорттар, жеке куәліктер, жүргізуші куәліктері, сондай-ақ әскери билет беру рәсімдерін түсіндірді. Азаматтарды әсіресе құжаттарды қалпына келтіру, көлік құралын қайта жабдықтау және 27 жасқа толған азаматтарға әскери билеттер беруге қатысты сұрақтар қызықтырды. Сондай-ақ қызмет алушылар құжаттандыру саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.

Мысалы, құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталатын тұлғалар үшін SMS хабарлама жіберу арқылы мемлекеттік қызметті проактивті түрде көрсету, ал көлік құралдарын қайта жабдықтау кезінде «төленбеген айыппұлдың болуын» бас тартуға негіз қылуды қысқарту ұсынылды. Агенттікпен қызмет алушылардың аталған ұсыныстары қарау үшін тиісті уәкілетті органдарға енгізілетін болады. Сонымен қатар, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу құқықтары, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға қызмет берушілердің шешімдеріне шағымдану тәртібі түсіндірілді.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында, кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі мәжілісте сөйлеген сөзінде «...мемлекеттік қызмет жүйесін іс жүзінде сервистік және клиентке бағдарланған болуы үшін қайта жаңғырту» қажеттілігін атап өтті. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жаңа сын-тегеуріндерді шешу жаңа редакциядағы Әдеп кодексін қабылдауға себеп болды. Кодексте адал ниеттілік, адалдық, әділеттілік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану іспетті мемлекеттік қызметтің әдептілік қағидаттары айқындалды.

«Бұл ретте «клиентке бағдарланған» мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және мемлекеттік қызметтерді көрсетуде ашықтық қағидаттарын сақтау бойынша басым талаптар қарастырылған», –дейді  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбаев.

Жалпы, елімізде Әдеп жөніндегі кеңестермен отырыстар өткізіліп, онда жүздеген мәселе қаралады. Оның ішінде, тәртіптік істер, профилактикалық бағыттағы мәселелер. Осылайша, Әдеп жөніндегі кеңестердің қызметі көбінесе этикалық нормаларды бұзудың алдын алуға және мемлекеттік қызметшілердің заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
Осы жұмыстың арқасында әдеп нормаларын бұзғаны үшін жазаланған адамдардың саны жыл сайын азайып келеді. Атап айтқанда, соңғы екі жылда олардың саны 2 есе азайған.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында тиімді, әділ, ашық, қоғамның сұраныстарына жедел ден қоятын, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік аппаратты қалыптастыру міндеті қойылған. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Шын мәнінде, біз айтып жүрген Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады... Ең бастысы, біз мемлекеттік аппарат өкілдерінің сана сезімін өзгертуге баса мән беруіміз қажет. Олар туған-туыстарының арасында не болмаса қоғамда абырой беделге ие болуды емес, ең алдымен, халыққа, елге адал қызмет етуді мақсат тұтуға тиіс «Адал азамат» дегеніміз-осы»-деп атап көрсетті.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қоғам өмірінің барлық салаларын  қамтитыны белгілі, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызметтерді алу барысында мемлекетпен тығыз байланыста болады.

Елімізде 1323 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болса, оның ішінде 400-ге жуығы облыстық деңгейде көрсетіліп отыр. Осы ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттерімен жүзеге асырылады. 

Өз кезегінде, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті облыс көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау, халыққа сапалы қызмет көрсету, оған қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстарды атқаруда.

2023 жылы Департаменттің қарауына мемлекеттік қызмет көрсету мәселері бойынша 157 арыз түссе, олардың ішіндегі басым бөлігі яғни, арыздардың 42% жер қатынастары, геодезия және картография салаларына тиесілі болып отыр. Мәселен, Департамент жер учаскесін ақпараттық жүйеде келісуге қатысты 3 (үш) қызмет алушының шағымдарын жоспардан тыс тексеру арқылы қарады. Нәтижесінде, қызмет беруші ұйым аталған азаматтардың біреуіне
2 айға жуық жауап бермегені, ал басқаларына қызмет көрсетудің мерзімдерін сақтамай жауап ұсынғаны анықталды.

Тексеру нәтижесімен, қызмет алушылардың жер учаскелері ақпараттық жүйеде келісіліп, құқықтары қалпына келтірілді. Аталған келісім азаматтарға болашақта жер учаскесіне арналған актіні алуға мүмкіндік береді. Лауазым иелерінің азаматтарға мемлекеттік қызметтерді сапасыз ұсынуы, негізсіз бас тартуы, әуре-сарсаңға салуы, олардың мемлекеттік ұйымдар мен қызмет көрсетуші мекемелерге деген сенімсіздігін тудыруы мүмкін екенін ескеру қажет.

Дегенмен, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу қағидаларын ұстанбау деректері кездеседі. Ағымдағы жылдың өзінде-ақ, Департаментке мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша азаматтардың 30-дан аса арыз шағымдары келіп түсіп, олардың ішінде 6 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.

Мәселен, Департамент Түркістан қаласының тұрғынының арызы  негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесінде тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою туралы өтінішін тиісті бөлім өтінішті қарап, өтініш иесінің тұрғылықты мекенжайын нақтылап алмастан, негізсіз бас тартқаны анықталды.

Тексеру нәтижесімен Департаменттің нұсқамасына сәйкес арыз иесі тұрғын үйге мұқтаж азамат ретінде кезекке қойылды. Жоғарыда аталған мәселелер азаматтардың жеке жүгінулері нәтижелерінде уәкілетті органмен атқарылып жатқан жұмыстар. Бұдан бөлек, Департаментке мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне сыртқы мониторинг жүргізу арқылы да, азаматтар өтінішпен жүгінбесе де, бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстарды жүргізуде.

Ағымдағы жылы қашықтан жүргізілген мониторинг нәтижесінде мемлекеттік орган комиссия құрымының толық жиналмауын алға тартып, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті бірқатар қызмет алушылардың жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден негізсіз бас тартқаны анықталды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша аумақтық департамент тарапынан ден қою шаралары нәтижесімен кәсіпкерлердің өтініштеріне мемлекеттік органмен жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қаулылар беріліп, қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді.

Осы бағыттағы үздіксіз жұмыстардың нәтижесінде 700 ден аса бұзушылықтар анықталып, 34 қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылып отыр. Жалпы азаматтар мемлекеттік қызмет алу барысында мемелекетітк органдар мен қызметшілер тарапынан негізсіз бас тарту, әуре-сарсаңға салу, артық құжаттар сұрату, өтініштерді қабылдау, заңнамалармен көзделмеген талаптар қою сияқты т.б. деректермен Департаментке өтінішпен жүгіне алады.

Осы тұста, шағымдану тетіктерін оңтайландыру және қызмет көрсету мәселелері бойынша кері байланысты жеделдету мақсатында «Департаменттің сенім телефоны» көрсетілген ақпараттық баннерлер облыстың барлық ХҚКБ, Мамандандырылған ХҚКБ, Жер кадастры және тіркеу, Әлеуметтік сектор бөлімдеріне, аудан, қала, ауыл округ әкімі аппарттарына, қызмет көрсетуші барлық ұйымдар ғимаратының көрнекі жерлеріне орналастырылды.

Орташа есеппен күнінен 5-10 азаматтар Департаменттің сенім телефонынан хабарласу арқылы өздерінің сұрақтарына жауаптар алуда. Сол сияқты, қызмет көрсету мәселелері бойынша арнайы телеграм каналы іске қосылып, онда барлық қызмет көрсетуші мекемелердің қызметшілері мен ерік білдірген қызмет алушылар қосылған. Аталған алаңда, қызмет алу кезіндегі кез-келген сұрақтар мен ұсыныстар айтылса, жауапты қызметшілер тарапынан тиісті консультациялар беріліп, қатысушылар тарапынан жағымды бағалар мен пікірлер берілуде.

Осы орайда, Мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық берілгенін және сервисті және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппарат құру, мемлекеттік қызмет көрсету барысында бюрократия мен әуре сарсаңның көрінісіне жол бермеуге бағытталған шаралардың бірден бірі екендігін атап өткен жөн. Жоғарыда аталғандарға сүйене отырып, Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді сақтау жолында, өңір тұрғындарының  сапалы мемлекеттік қызмет алуы Департамент қызметінің басымдықтарының бірі болып табылады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 165 рет