Сенбі, 10 Қазан 2020 13:05

Шымкент: Әл-Фараби ауданында карантин талаптарының орындалуы қатаң бақылауға алынған

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында карантин талаптарын бұзған кәсіпкерлерге айппұл салынды.Бұл туралы Шымкент Ақпараттық коммуникациялық орталық хабарлайды.

 

Шымкент қаласында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, қала аумағында карантиндік шектеу шаралары ұзартылған болатын. Соған сәйкес қабылданған Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 25.09.2020 жылғы №39 қаулысының орындалуы қатаң бақылауға алынып, күнделікті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Әл-Фараби ауданында құрамында аудан әкімінің аппараты, Шымкент ҚПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы және Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы бар мобильді топ мониторинг жасады. Аудан аумағында жүргізілген мониторинг барысында, санитарлық-эпидемиялық нормаларды сақтамай, карантин режимінің талаптарын бұзған бір қатар кәсіпкерлерге, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 425 бабы 1 тармағы сәйкес, 8 хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 803 рет