Оның ішінде Республикалық маңызы бар тас жолдарда орын алған апат саны 16 % - ға азайған.
Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы мәжілісінде қаралды.
Жыл басынан бері облыс жолдарында автоматты құралдармен 265 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталған. Олар бойынша 4 млрд. теңгегеге жуық қаражатқа ұйғарымдар шығарылып, жартысынан астамы өндірілген.
Полиция жол-көлік оқиғаларының орын алуының негізгі себептерін айқындады. Атап айтар болсақ, жылдамдықты арттыру, маневр жасау, сонымен қатар, облыстағы жол сапасының жақсарғандығынан жүргізушілердің басым бөлігі жылдамдықты шектен тыс асырып, қиылыстар мен бұрылыстарда апатқа ұшырауда. Сондай-ақ үй жануарларының тосыннан жолға шығуынан орын алған апат саны артқан. Сондықтан ішкі істер органдары жол бойында қараусыз жүрген үй жануарларының иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін көтерді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат