Түркістан қаласы облыс орталығы болғаннан бері көліктердің де саны көбеюде. Осыған орай жаңадан құрылған Түркістан облысының тұрғындары мен автокөліктерінің жүріп-тұруына қолайлы жағдайлар жасалуда. Көшелер кеңейтіліп, арнайы жаяу жүргіншілер жолағы, веложолдар салынды. Мұндағы басты мақсат – жол қозғалысы ережесінің бұзылуына жол бермеу, жол-көлік оқиғасының санын азайту болып табылады. Осы бағытта Түркістан қаласының көліктер көп жүретін орындарында 4 сергек автоматты құрылғысы орналастырылып, өз қызметін атқаруда.
Нақтырақ айтсақ, Ерубаев көшесінде 1, Жібек-Жолы көшесінде 1 «Сергек» бейнебақылау камерасы қойылған. Ал қалған екеуінің бірі Ордабасы ауданының Атамекен елді мекені мен Сарыағаш ауданында орнатылды. Тұрғындардың қауіпсіздігін олардың өмірін сақтау мақсатында қойылған бейнебақылау камералары тұрақты түрде жұмыс жасамақ. Түркістан облысының полицейлері жылдамтықты асырмай, жол ережесін сақтап жүруді ескертеді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат