Бүгінде қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Олармен 1 сәуір күні 356 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіліп, карантин режимін сақтамаған 17 нысанға әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Бүгін Абай ауданы аумағында орналасқан «Авто-нұр» және «Алаш» сауда базарларын аудан әкімі Б.Парманов өзі аралап, карантин талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, шара барысында адам көп жиналатын аялдамаларда, қоғамдық көліктердегі жолаушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бетперде таратылды.
Аудан аумағында жалпы 11 базар, 3 мыңға жуық кәсіпкерлік нысан орналасқан. Осы нысандардағы карантин талаптарының тиісті дәрежеде орындалуын бақылау мақсатында Абай аудандық әкімдігі тарапынан 6 мобильді топ құрылған. Олармен жыл басынан бері 227 хаттама толтырылып, айыппұл салынған.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат