Жексенбі, 04 Сәуір 2021 20:43

Шымкенттік полицейлер карантин режимінде бесік той өткізген тойхананы анықтады

Еліміздегі коронавирусқа байланысты Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері мен мобильді топ аудан аумағында орналасқан кафе-мейрамханаларға тексеру жұмыстарын жүргізді.

2021 жылдың 4 сәуір күні сағат 15:00-да тексеру барысында Жібек жолы көшесінде орналасқан "Атамекен" тойханасында карантиндік талаптарды сақтамай, 50 адамнан асатын "Бесік той" мерекелік іс-шарасын өткізіп жатқаны анықталды.

Аталған оқиға бойынша тойды өткізген азаматшадан толыққанды түсініктеме алынып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тойға жиналған тұлғалар үйіне қайтарылды.

Сонымен қатар, келушілердің кіру барысында дене қызуын өлшеу жүргізілмегендігі, қызметкерлердің кафе ішінде бір реттік бетпердесіз жүргендігі анықталды. Анықталған деректерге қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Қаратау ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды. Осыған орай, полиция қызметкерлері құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға назар аударуды сұрайды.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 402 рет