Жұма, 16 Сәуір 2021 15:52

Шымкент: Тұрғын үйлердің кіреберісіне бейнекамера орнату жұмыстары аяқталды

Шымкентте тұрғын үйлердің кіреберісіне 2 462 бейнекамера орнату жұмыстары аяқталды.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қауіпсіз қоғамда өмір сүруді қамтамасыз ету айтуға ойғай болғанмен, оны жолға қою көп күш пен техниканы қажет етеді. Бұл ретте бейнекамералардың алар орны зор.

Шымкент қаласында биыл цифрландыру басқармасы тарапынан талдау жүргізіліп, 7753 бейнебақылау камералары орнатылғандығы анықталды. Оның ішінде, қалалық полиция департаментіне тиесілі – 479, денсаулық сақтау басқармасына – 1211, білім басқармасына – 3601, балабақшаларда – 1185 және мектептерде – 2416.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының әкімдігімен жасалған 3 жақты меморандум шеңберінде 56 «Сергек» камерасы 14 желілік учаскеде орнатылды. Бүгінде «Қазақтелеком» АҚ тарапынан тұрғын үйлердің кіреберісіне 2 462 бейнекамера орнату жұмыстар аяқталды.

Сондай-ақ, үшінші қалада түрлі келеңсіздіктің алдын алуға, тәртіпсіздікті реттеу мен қылмыстың ізін суытпай ашуға көп жәрдемін тигізетін 7753 камера жұмыс істейді.

Әртүрлі жерлерге орнатылған құрылғылардың 479-ы Шымкент қаласы Полиция департаментіне тиесілі.
Ал 1211 бейнекамера денсаулық сақтау басқармасына, 3601 бейнекамера білім басқармасының құзырында. 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

 

Оқылды 521 рет