Бейсенбі, 22 Сәуір 2021 12:31

Әл-Фараби ауданында қоқыс тастаған 396 тұрғынға айыппұл салынған

Әл-Фараби ауданы аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 192 контейнер алаңшасы және онда 749 қоқыс контейнері бар.

Бұл туралы  Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қоқыстар жеке секторларда кестеге сәйкес тәулігіне 1 рет, кей жерлерде (халық тығыз шоғырланған орталық аумақтарда) 2 реттен тазартады.

Сондай-ақ, тозығы жеткен қоқыс контейнерлерін жаңарту мақсатында орталық аумақтағы 400 дана қоқыс контейнері ауыстырылды.

Одан өзге, аудан әкімдігі мен тәртіп сақшылары аудан тазалығын бақылауда ұстауда. Жыл басынан бері құм-тас, құрылыс қалдықтары мен ұсақ қоқыс тастаған, заңсыз ағаш кесу бойынша 396 әкімшілік хаттама толтырылып, 3 млн 127 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Айта кетейік, жыл басынан әр ауданға 4 тазалық бақылау маманы тартылған. Әкім олардың санын онға дейін көбейтуді тапсырды. Құрылыс қалдықтарын тастаушыларға нөлдік төзбеушілік көрсетуге, ал полиция қызметкерлерін бұл жұмысқа белсене қатысуға шақырды. Бейнебақылау қою жерлер қажеттігі болса ұсыныс енгізу керектігін айтты.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 492 рет