Олар кешегі күні 77 нысанға карантин режимін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпарттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.
Мобильдік топтың мәліметінше, кешегі күні ауданға қатысты халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адамдар жиналуға мүмкіндігі бар орындарда әлі де жаңа қаулыдағы өзгерістерді ескермей, жұмыс істегендіктері анықталды.
Атап айтар болсақ, Төлеметов көшесіндегі «Рауан», Бәйдібек би көшесіндегі «Сезім» және Ақжайық шағынауданындағы «Рахат» азық-түлік дүкендерінде карантин режимінің талаптары бұзылған. Бұл ретте, дүкен басшылығынан түсініктеме алынды, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен бірге жаңа Қаулыдағы өзгерістер түсіндіріліп, алдағы уақытта осы қаулы негізінде жұмыс істеу керектігі айтылды.
Айта кету керек, қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылау ұдайы назарда: 24 мобильдік топ мониторинг жұмыстарын атқаруда.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат