Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ал, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару көпқабатты тұрғын үй секторында күнделікті және жеке секторда аптасына бір рет жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, ауданда 6 бей-берекет қоқыс орны бар. Олар Бозарық айналма тас жолының жоғарғы жағы; Таскен тұрғын алабындағы шағал тас карьері; Тұран шағынауданындағы Алатау батыр және Абылайхан көшелеріндегі шатқал; Батыс Европа-Батыс Қытай тас жолындағы шатқал; Асар және Ақжайық шағынаудандары аралығындағы бос жер телімі; Мирас шағынауданындағы шатқал. Аталған аумақты мердігерлер өз есебінен үнемі тазалап жатыр.
Қоқыс тастаушыларды тәртіпке шақыру мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Рейд барысында «Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексіне сәйкес 4 хаттама толтырылып, айыппұл салынды және қоқыс қалдықтарын бей-берекет тастамау жөнінде арнайы тақтайшалар орнатылды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат