Сейсенбі, 27 Сәуір 2021 18:13

Шымкент: Мобильдік топ 612 нысанға мониторинг жүргізді

Шымкенттегі эпидахуалға байланысты қаладағы аудандарда мобильдік топтар күнделікті мониторинг жұмыстарын атқарып жүр.

Солардың бірі, Шымкент қаласы Қаратау ауданында құрылған 6-мобильді топ та кәсіпкерлік субъектілері арасында карантин режимін бұзушыларды анықтап, дер кезінде шаралар қолданды.

Мысалы, ағымдағы жылдың 19-25 сәуір аралығында 612 кәсіпкерлік нысанға мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде карантин талаптарын сақтамаған 43 нысан анықталды. Оның ішінде кейбір азық-түлік дүкендері белгіленген уақыттан асыра жұмыс істеген.

Қаратау ІІД қызметкерлерімен түсініктеме алынып, өз құзырына сай шара көру үшін Қаратау санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жолданды.

Айта кету керек, қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 290 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30), төсек-орын толымдығы – 39,9 %. Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 363 519, тәулігіне – 1 230.

Қалада егу науқаны басталғалы барлығы 78 748 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 8 044 адам вакцинаның екі компонентін салдырған.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 428 рет