Ол өз арызында сағат 13:00 шамасында 3 жасар қызы үйден шығып, белгісіз бағытқа жоғалып кеткенін көрсеткен.
Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Үш жасар қызды табу үшін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовтың дабыл қағуымен барлық аудандық полиция басқармаларына тапсырма берілді. Іздестіру іс-шарасына департаменттің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. 500-ден астам тәртіп сақшылары аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған қыз туралы сұрастырды. Сондай-ақ, кинологияның қызметтік иттерімен іздестірілді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде кешкі сағат 22:10 да Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері "Отырар" шағынауданынан 1 шақырым жер арақашықтықтан 3 жасар қызды аман-есен тауып, ата-анасына жеткізді.
Өз кезегінде, жоғалған қыздың ата-анасы шымкенттік полицейлерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Тәртіп сақшыларынан бөлек қаланың белсенді азаматтары, еріктілер де қызды іздеуге атсалысты.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат