Сәрсенбі, 12 Мамыр 2021 19:44

Шымкент полицейлері экологиялық рейд өткізді

Шымкент полицейлері экологиялық рейдтер өткізді. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторлары әкімшілік учаскелерде абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу және жолын кесу бойынша экологиялық рейдтік іс-шаралар өткізді. Бұл туралы Шымкент қаласының полиция департаменті хабарлады.

Іргелес аумақтардан қоқысты уақытылы жинамағаны, құрылыс учаскесінен тыс құрылыс материалдарын жинап қоймағаны, қоршаудың болмағаны үшін алдын алу жұмыстары барысында жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлік объектілерінің иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 505-бабы (Қалалар мен елдімекендерді абаттандыру ережелерін бұзу) бойынша шаралар қабылданды.

Осы бағыттағы жұмыстарды тәртіп сақшылары тұрақты негізде жүргізеді.

Шымкент қаласында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты назарда.

Барлық аудан аумағында көше бойын, аулаларды, саябақтарды, су арналарын тазалау жұмыстары ұдайы жүргізілуде. "Build Stroi" ЖШС қызметкерлері қаланың 4 ауданында тазалық жұмыстарын атқаруда. Оған 40 техника, 350 адам жұмылдырылған.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 450 рет