Сондай кезекті рейдтік тексеру Абай ауданы аумағында жүргізілді. Ретсіз, рұқсат етілмеген жерлерде сауда жасаушыларды болдырмау мақсатында ұйымдастырған іс-шара барысында аудан аумағында орналасқан "Авто-нұр" базарының және "Киров" сауда қатарындағы ретсіз сауда орындары анықталып, белгіленбеген орындарда сауда жасаған 5 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен бірге, ескертулер беріліп, тұрғындарға ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі баптары түсіндірілді. Қала аумағындағы базарлар мен жәрмеңкелердегі орындарда сауда жасау керектігі айтылды.
«Белгіленбеген жерлерде сауда жасау тек біздің ауданда ғана емес, қаланың кейбір жерлерінде кездесіп қалады. Бұндай көріністер қаланың көркіне де нұқсан келтіретіні сөзсіз. Тіпті, кейбір сауда жасаушылардың белгіленген аймақта сауда жасауға рұқсат етілген куәліктері де болмай шығады. Сондықтан, саудагерлерге заңды сауда жасаудың тиімді екендігі, егер ескермеген жағдайда шара қолданатындығымызды ескерткіміз келеді», -дейді рейдті ұйымдастырушылар.
Олардың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіле береді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат