Сейсенбі, 08 Маусым 2021 08:52

Шымкент: «102» мобильдік қосымшасы тиімді байланыс құралына айналып отыр

Бүгінгі таңда ең тиімді байланыс құралы - «102» мобильді қосымшасы болып отыр.

Жаңа сервистік қосымша арқылы тұрғындар жасалған құқық бұзушылық немесе қылмыс туралы ақпаратты жолдай алады. «102» мобильді қосымшасы оқиға орнынан қысқа хабарлама, сондай-ақ фото, видео жіберуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қосымша арқылы бейнеқоңыраулар жасауға болады. Бұл ретте қоңырау шалушының орналасқан жері автоматты түрде анықталады, ал

Жедел басқару орталығының операторлары жасалған құқық бұзушылықты өз көзімен көріп, жедел полицейлерді бағыттайды. Айта кету керек, жаңа бастама «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында жүзеге асырылуда.

Қосымшаны Android жүйесіндегі смартфондарға арналған Play Market-тен және IOS жүйесіндегі смартфондарға арналған App Store-дан жүктеуге болады.

Осы қосымша іске қосылғалы бері қала тұрғындарынан қоңыраулар көптеп түсуде. Тұрғындар осы қосымшаны өте ыңғайлы және қол жетімді екенін айтуда. Себебі кез-келген хабарламаға жылдам барып, жауабын алып жатыр. Сондай-ақ, қазіргі таңда смартфон ұялы телефондар тұрғындардың басым бөлігінде бар деп айтуға болады.

Құрметті қала тұрғындары мен әлеуметтік желі қолданушылары!

Егер, сіз қандайда бір заң бұзушылықтың куәсі болсаңыз, 102 сымтетігіне хабарласыңыз. Сондай-ақ, аз уақыттың ішінде өз тиімділігін көрсеткен «Police 102» мобильді қосымшасы арқылы хабарлама, оқиға орнында түсірілген фотосуреттер мен бейне түсірілімдерді жібере аласыз. Онда аудио қоңырау шалу мүмкіндігі де бар. Аталған қосымшаны пайдалану арқылы сіз өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ете аласыз.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 413 рет