Түркістан облысы Келес ауданының әкімдігі 2021 жылы 1-12 маусым аралығындағы «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен өткізіліп жатқанын хабарлайды.
Науқанды өткізудің негізгі мақсаты – қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата – аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.
Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен БАҚ-тың бала еңбегін пайдалануды алдын алу және болдырмау мәселелерінде серіктестік пен ынтымақтастықты дамытуға себеп болады.
Бала еңбегінің нашар түрлеріне тартылған жағдайда балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетуді алдын алу үшін Келес ауданы әкімдігінің – 8/700/325-05-16 сенім телефонына хабарласа аласыздар.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат