Осыған байланысты Келес ауданы аумағында ағымдағы жылдың 21-30 маусым аралығында "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ" акция өткізілу жоспарлануда. Бұл шараға Келес аудандық полиция бөлімі қызметкерлері, еріктілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, білім, денсаулық сақтау және тағы да басқа органдар өкілдері қатысады.
Іс-шараның мақсаты – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау, отбасындағы татулықты нығайту, отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген балаларға психологиялық көмек көрсету, қолдау болып табылады.
Құрметті әйелдер қауымы!
Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз отбасындағы зорлық-зомбылыққа ұшыраса, онда үнсіз қалмаңыз! Сіз өзіңіз тұратын мекен -жайыңызға қарасты учаскелік тірек пунктіне немесе Келес ауданы, Қонаев көшесі н/з бойындағы Келес АПБ-не мына байланыс сымтетіктері арқылы 8 /72532/ 3-03-68 немесе 102 телефондарына қоңырау шалып хабарласа аласыз.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат