Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Бақыт Асанов және аудандық соттың төрағасы Құнанбай Мұсаевтың, аппарат қызметкерлерінің, кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің, дербес бөлімдердің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің нормаларын түсіндіру мақсатында карантин талаптарын ескере отырып жиналыс өткізілді.
Іс-шара барысында Мақтаарал аудандық сотының төрағасы Қ.Мұсаев -әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеттері, 2021 жылғы 1-шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін әкімшілік рәсімдік - процестік кодексімен реттелетін қатынастар, кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдардың мазмұны, әкімшілік рәсімдердің мәнін кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер тарапына қойылған сұрақтарға жауап берді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Б.Асанов халық арасында жаңа заңның нормаларын түсіндіру бойынша жұмысты жалғастыру қажеттілігі туралы туралы өз пікірін білдірді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат