Шара барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі үшін (12 күн ішінде) күндізгі және түнгі уақыттарда меншік нысандарына қарамастан – орталық базарларда, көлік жуу орындарында, саябақ, ойынханаларда, қоғамдық тамақтану орындарында заңсыз еңбекке тартылатын жасөспірімдерді тоқтату мақсатында, профилактикалық рейдтік түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Құқықбұзушылық әрекеттері анықталған жағдайда әкімшілік іс қозғалып, кәмелет жасына толмаған азаматтарға 80 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Заңсыз жұмысқа алған тарап та жауапқа тартылады. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында суға шомылу, қауіпсіздік пен жол ережесін сақтау жұмыстары алып баруда, науқан барысында балалардың белгіленген уақыттан кейін ата-анасынсыз көшеде жүру жағдайларын алдын алу бағытында түнгі рейдтік жұмыстары жүргізілетін болады.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат