Демек, адамдар арасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет.
Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби біліктілік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінез-құлық мәселесі және бар. Яғни, кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек. Бұл туралы Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Өте жоғары этика мен кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылады», деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан, бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік береді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат