Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ор қазған азаматтарға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 65 бабында көзделген жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалану жөнiндегi мiндеттерi, атап айтқанда, топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және оның құнарлылығының төмендеуіне, сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу, құнарлы қабатының бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру үшін оны сыдырып алуға болмайтыны түсіндірілді. Ең бастысы, жер учаскесін бастапқы қалпына келтіру бойынша нақты талап қойылды.
Алайда, жер пайдаланушылар талапты орындап, орды көмуден бас тартып отыр. Осыған байланысты, жинақталған іс-құжаттар заң аясында тиісті шара қолдану үшін Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасына жолданды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат