Апта сайын бірнеше рет мониторингтік топтардың атқарған жұмыстары бойынша селекторлық режимде қаралады. Саннан сапаға көшу қажеттігі аталды. Яғни, ауылдық округтердегі әр бір нысандар бойынша карантин талаптарын сақталуына мониторинг жүргізіп, кемшіліктер бойынша тиісті құжаттар рәсімдеу тапсырылған. Ауылдық округтерде мешіттерде дыбыс күшейткіш құралдары арқылы халықты маскалық режимді қатаң сақтау бойынша ақпараттық хабарламар бойынша жұмыстары төмен. Әлеуметтік нысандарда ара-қашықтықты сақтау, отбасылық іс-шараларды өткізбеу жөнінде ақпараттандыру жұмыстары өте төмен. Нысандардындарды аралаумен ғана шектеліп, ондағы кемшіліктер бойынша құжаттар рәсімделмейді. Білем халықтың қуанышын бұзу бізге де оңай емес, түсінсеңіздерші тойдан бұрын тұрғындарымыздың қауіпсіздігі, денсаулығы маңызды,- деді аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев
Сондай-ақ аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарының барысы баяндалды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат