Тұрғындардың қауыпсіздігін ескерген аудан әкімі Бағлан Батыршаев көшпелі сауда орындарын бір орталыққа шоғырландыру үшін Шұбарсу ауылдық округіне барып, мәселенің мән-жайымен танысты.
Әуелі көлік кептелісін болдырмау мақсатында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен келісе отырып, жол бойынан арақашықтық сақтап, арнайы ашық сауда орынын ашу туралы тиісті бөлім басшыларына тапсырма берілді.
Сондай-ақ, ауыл ішіндегі авто жолда қауын-қарбыз саудалайтын тұрғындарға ыңғайлы автотұрақ жасауды ауыл әкімі мен салалық бөлім басшыларына міндеттеді.
Мұнан соң Бағлан Дәнебекұлы ауылдағы 68 отбасыға 15 соттоқтан берілген жылыжай кешеніне жарықтандыру мәселесін зерделеу үшін жұмысшы топпен жылыжай иелерімен кездесу өткізді.
Өзара пікірлесуде аудан әкімі тұрғындарға Халыққа қызмет көрсету орталығына электронды кілт арқылы барып, электр жарығын тартуға қажетті құжаттар рәсімдеген жағдайда жарықпен қамтамасыз етілетіндігін жеткізді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат