Дүйсенбі, 19 Шілде 2021 16:46

Түркістан: Келес ауданында карантин талаптарын бұзушыларды анықтау бойынша рейдтік жұмыстар күшейтілген режимде жүргізілуде

Түркістан облысы, Келес ауданында кәсіпкерлік нысандары арасында карантин талаптарын бұзушылардың жолын кесу жұмысы тәулік бойы күшейтілген режимде жалғастыруда.

Өткен сенбіде аудан орталығында шектеу шараларын сақтамаған 3 мейхамхана анықталды.

Кәсіпкерлік нысандары жұмыс режимін сақтамау, әлеуметтік қашықтық, маска режимін сақтамау, келушілердің рұқсат етілген санынан асып кетуі секілді тәртіптерді жиі бұзады.

Атап айтар болсақ, Абай ауылындағы «Хан шаңырағы» мейрамханасы 70 адамнан аса азаматтардың басын қосып, «бесік той» шарасын өткізген. Мобильді топ өкілдері аталған нысанға барып, карантин ережесін бұзғаны үшін нысан иесі мен той иесіне акт толтырылды. Сол сияқты аудан орталығындағы «Ақнұр» және «Бешбармақ» кафелерінде жұмыс режимінің бұзылғаны анықталды. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Аудандағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары, кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды, шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс. 

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 412 рет