Жексенбі, 01 Тамыз 2021 11:42

Түркістан: Келес ауданындағы кәсіпкерлік нысандар тәртіпке бағынуда

Түркістан облысы, Келес ауданында кәсіпкерлік нысандар тәртіпке бағынуда. Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Келес ауданында коронавирус инфекциясын алдын алу мақсатында құрылған шұғыл топ мүшелері аудан аумағындағы дүкендерге, кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі сәтке дейін нысандарда тәртіп бұзғандары анықталмады. Дегенмен аудан орталығындағы орталық автобекет маңындағы ретсіз сауда жасап жатқандарға аудандық полиция бөлімінің өкілдері тарапынан тиісті шараларды қабылдануда.

Келес ауданында күшейтілген санитариялық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында 3 мобильді топ күндіз және түнгі мезгілде рейд жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді. Басты мақсат – тұрғындардың шоғырлануына жол бермей, қауіпті індеттің алдын алу болып табылады.

Қазіргі таңда аты жаман індеттің ахуалы күннен-күнге ушығып бара жатқаны бәрімізге мәлім. «Аудан тұрғындарына айтарымыз, үйлеріңізде сіздерді асыл жандандар күтіп отыр. Олардың өмірін қатерге тікпейік!»,-дейді әкімдік қызметкерлері.

Айта кетейік, Келес ауданында 3 мобильді топ күндіз және түнгі мезгілде рейд жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді. 

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 382 рет