Бейсенбі, 29 Шілде 2021 11:16

Түркістан: Сарыағашта карантин талаптары ескертілді

Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Н.Талиповтың төрағалығымен карантин режимін қамтамасыз ету бойынша жиын өтті.

Жиынға аудан аумағындағы ірі сауда орындары (базар) басшылары, тойхана иелері және карантин режимін қамтамасыз ету бойынша құрылған мониторинг топ өкілдері қатысты.

Жиын барысында, аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы А.Анарбаев карантин режимін сақтау және індеттен сақтану жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысан иелеріне Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулыларының талаптарын қатаң сақтау керектігін ескертті.

Н.Талипов базар басшылары мен тойхана иелеріне коронавирус індетінің көптеп таралуына байланысты, карантин талаптарының сақтау және облысымыздың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің нұсқауларын толық орындау қажетігін қадап айтты. Талаптар толық орындалмаған жағдайда қатаң шаралар қабылданатындығын хабарлады.

Айта кететін жайт, мобильді топ жұмысы цифрландырылды. Енді infokazakhstan.kz платформасы арқылы қағазбастылық азайып, тікелей цифрлық қолтаңба арқылы анықталған кемшілік интеграцияланып, құзырлы органдардың қолданыстағы ақпараттық жүйесіне тікелей тіркеліп, заңды шарасы көрілуге жолданатын болады. Электронды толтырылған акт құжатын арнайы QRcode арқылы қажет ететін азамат толық мағлұмат ала отырып, мобильді топ өкілдері жайлы, не үшін жауапкершілікке тартылып жатқаны туралы ақпаратқа қол жеткізе алады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 371 рет