Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Мобильді топ мүшелері аймақта рейд жүргізіп, облыстың бас санитар дәрігерінің 23 шілдедегі №17 қаулысын түсіндіріп, ережелерді елемейтіндерге ескерту жасап, айыппұл салып жатыр.
Айта кету керек, мобильді топ құрамында жергілікті әкімдік өкілдері, полицейлер, еріктілер бар.
Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің жұмыс кестесі 07.00-24.00 ге дейін. Демалыс күндері қоғамдық тамақтану орындарында үйге жеткізу қызметін қоспағанда, мекеме жұмысы тоқтатылады. Бұл жобаға қатыспайтын объектілерде жұмыс режимі 07.00-18.00 ге дейін, демалыс күндері жұмысы тоқтатылады. Сондай-ақ, қоғамдық көліктер жұмыс күндері 9.00-23.00 ге дейін жүргізілсе, демалыс күндері тоқтатылады. Банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері 9.00 ден 18.00 ге дейін шектеумен жұмыс істейді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат