Сенбі, 24 Шілде 2021 13:14

Түркістан: Мобильді топ мүшелері 105 нысанды аралады

Түркістан қаласындағы індет таралуының алдын алу жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. "Сары аймаққа" енген Түркістан облысында карантин талаптарының сақталуы қатаң қадағалануда.

Атап айтқанда, қала әкімдігі мен полиция қызметкерлері құрамына енген 10 мобильді топ күнделікті таңғы уақыттан бастап бақылауда. Талаптарды бұзған жайт бойынша хабар берілсе, жұмыстар түнгі уақытта да жалғасады.

Бүгінгі мониторингтік қадағалау барысында 105 нысан араланып, 7 акт толтырылған. Айта кетерлігі, облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің Қаулысына сәйкес жұмысы тоқтауы тиіс нысандардың әрекеті белгілі болып, кәсіп иелеріне ескертулер берілуде.

Айта кетейік, Түркістан қалалық "Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының" басшысы Марат Байтүгелов соңғы шыққан №16 қаулыға сәйкес енгізілетін шектеулер туралы түсіндіріп өткен болатын. Ал, Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Райымбек Тасырбаев сары аймаққа кірген облыстағы шаһар көрсеткіштеріне тоқталып, вакцина алудың маңыздылығын жан-жақты баяндады.

Бас дәрігердің мәліметіне сәйкес, қазір қалада 15 вакцинация жасау нүктесі жұмыс жасауда. 13 нүктенің 1-і жылжымалы түрде қала аумағын аралап вакцинация жүргізуде. Кешкі 00:00-ге дейін жұмыс істейтін вакцинациялау нүктелеріне қазіргі таңда «Sputnik – V» вакцинасының 6295 дозасы жеткізілген.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 396 рет