Аудан прокурорының қабылдауына Қарасу, Ақсу, Қарабұлақ, Манкент ауылдарынан азаматтар жазылып, мазалаған мәселесін жеткізді. Оларды мазалаған мәселенің көбі қылмыстық істі зерттеуге байланысты олқылықтар мен жер дауына қатысты болды Атап айтқанда заңсыз берілген жерлер, құжаттарды қолдан жасау, жолдарды жөндеу, көше жарықтары мен Сот жүйесі бойынша мәселелер көтерілді. Барлық көтерілген мәселелер бойынша аудан прокуроры Дәулет Бекбашұлы заң аясында кеңес беріп, бақылауына алды. Тұрғындарға прокуратура саласына қатысты мәселелер бойынша барлық дәйектемелер мен нақты уәждерін көрсете отырып арыз жазып берулерін сұрап, зерделеу жүргізілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ қабылдауға аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы мен аудандық жер қатынастары және аудандық жолаушылар тасмалы және автомобильдер бөлімдерінің басшылары арнайы қатысты. Барлық арызданушылардың уәждерін мұқият тыңдаған аудан прокуроры Дәулет Бекбашұлы жер қатынастары бөлімі мен өз тарапынан оларды толық және жан жақты тексеруді қамтамасыз етуді, заңдылықтың бұзылуы анықталған жағдайда оларды қалпына келтіру бойынша түбегейлі шаралар жүргізілетінін айтты.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат