Ал, 2019 жылы 23 қаңтарда ҚР Білім және ғылым және Ішкі істер министрліктерінің бірлескен бұйрықпен бекітілген стандартқа сәйкес мектеп саны - 273. Бүгінде полиция департаментімен мектептегі бейне камераларды интеграциялау жұмыстары бойынша Жол картасы түзіліп, 1 қыркүйекке дейін 400 мектептің бейне камерасы қосылады. Қалған 227-і жыл соңына дейін іске асырылатын болады.
Облыстағы білім ордаларын мамандандырылған күзет пен «Дабыл батырмаларымен» қамтуды кезең-кезеңімен шешу жоспарлануда. Мектептерді ішкі әжетханалармен қамтамасыз ету мақсатында былтырғы жылдың басында жалпы 756 мектеп жоспарланған. 2020 жылы – 679, 2021 жылы 20 мектептің ішкі әжетханалары ретке келтірілді. Қалған 57 мектептің мәселесі 1 қыркүйекке дейін толығымен шешілмек.
Өңірдегі жылу маусымына дайындық жұмыстарына сәйкес,
1 279 білім нысандарын гидравликалық сығымдаудан өткізу жұмыстары 1 125 нысанға немесе 88%-ға жүргізілді. Білім беру мекемелеріне қажетті 107 мың тонна қатты отын (көмір) және 3,5 мың тонна сұйық отынмен (диз.топливо) қамтамасыз ету жоспарланған. Қазіргі таңда, тасымалдау жұмыстары 40%-ға орындалып, келісім-шартқа сәйкес орындалатын болады.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат