Жұма, 19 Қараша 2021 15:10

Шымкентте бөтеннің ақшасын алаяқтықпен иемденген банк қызметкері ұсталды

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына Түркістан облысының тұрғыны арызданған.

Жәбірленуші Шымкент қаласында орналасқан тұрмыстық техника сататын дүкендердің біріне тұрмысқа қажетті техниканы алу мақсатында барғанын айтқан. Таңдаған техникасын несиеге рәсімдеу кезінде банк қызметкерлерімен жәбірленушіге 605 000 теңге рәсімделген. Алайда алаяқ азаматшаға банк 300 000 теңге шығарғанын айтып ауызша сендіріп, қолына бірде бір құжат бермеген. Уақыт өтіп несие төлемін жасамақ болған жәбірленуші банк қызметкерінің өзінің атынан 605 000 теңгеге несие рәсімдегенін біліп жедел түрде полиция қызметкерлеріне жүгінген. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық)тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қала тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілген. Қазіргі таңда азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Егер де, Сіз алаяқтардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» арнасына хабарласуды ұмытпаңыз. 

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

Оқылды 457 рет