Сәрсенбі, 29 Желтоқсан 2021 13:07

Түркістан облысында мереке күндері қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Түркістан облысында мереке күндері қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.

31 желтоқсан күні облыстық төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 200-ден астам қызметкер мен 88 техника қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болды. Сонымен бірге, облыс аумағында «Жаңа жыл» мерекесіне арналған іс-шараларды өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтау күшейілмек. Бұл бағытта жалпы саны мыңнан астам қызметкер мен 100-ге жуық арнайы автокөлік жұмылдырылмақ. Оның ішінде Түркістан қаласы бойынша 150 қызметкер 20 арнайы автокөлікте қызмет атқарады. Жаңа жыл мерекесін өткізу барысында құқық қорғау органдарының күш пен құралдары дайындыққа келтіріліп, қызметкерлерге тиісті нұсқамалар берілді.

Әсіресе өрт қауіпсіздігі ережелеріне ерекше назар аударылып, сақтық шараларын сақтау пысықталды. Аймақ басшысы мереке күндері ескерілетін маңызды мәселелерге байланысты жауапты тұлғаларға тапсырма берді. Жиында құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайларлар департамент басшыларының баяндамасы тыңдалды.

 «Алдағы мереке күндері және одан кейінгі демалыстарда бәрі демалады, білесіздер. Осы күндері кезек қойып, жұмыс істеу керек. Көше-көшені аралап жүру керек. Ешқандай ұйықтау болмасын»,-деді облыс әкімі.

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 1437 рет