Сейсенбі, 07 Маусым 2022 20:22

Облыс полицейлері "Есірткісіз болашақ" тақырыбында акция өткізді

Түркістан облысы ПД, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс әкімдігімен бірлесе отырып, "Есірткісіз болашақ" атты тақырыпта ауқымы акция ұйымдастырды. Оған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов пен жеке құрам, Түркістан облысының білім, ішкі саясат, ақпараттандыру өкілдері және жастар қатысты.

Облыс орталығында өткен іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы хабардар ету, салауатты өмір салтын насихаттау және рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту. Өскелең ұрпақты спортпен және туризммен белсенді түрде айналысуға шақыру. Сондай-ақ жастардың санасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру. Аталған маңызы зор жиында облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов сөз сөйлеп, жастарға денсаулық пен сәттілік тіледі. 

Жиында полиция полковнигі Қ. Сахов: "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың мәселелеріне көп көңіл бөледі. Біздің де өз тарапымыздан есірткіге қарсы іс-шараларды үнемі өткізіп отырамыз. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Болашақ – сіздердің қолдарыңызда! Сол себепті тек жақсылық әрекеттерге, жарқын болашаққа ұмтылайық!" - деді. 

Одан әрі акцияға қатысушылар таңертеңгілік жаттығулар өткізіп, салауатты өмір салтын және есірткіні қолданудың зияны туралы ұрандармен "Есірткісіз болашақ" атты флешмоб ұйымдастырды. Содан кейін спортшы-велосипедшілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орталық стадионға салтанатты түрде алып шықты. Ары қарай іс-шара би ұжымдарының, каратэшілердің, боксшылардың, балуандардың және басқа да балалар спорт және көркемөнер ұжымдарының салауатты өмір салтына арналған қойылымдарына жалғасты. Облыстағы эстрада әншілері де өнер көрсетті.

Өз кезегінде, жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері өздерінің шеберліктері мен жауынгерлік дағдыларын көрсетті. Ал, кинологиялық қызметтің кинологтары қызметтік-іздестіру иттерінің өнерін ұсынды. Сондай-ақ полицейлер жастарға есірткі заттарын қолданудың зияны және есірткіге байланысты қылмыстардың салдары туралы айтты.

Акция соңында Түркістан облысының полицейлері жас ұрпақты дене шынықтырумен тұрақты айналысуға шақырып, естелік суретке түсті.

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Оқылды 245 рет