Сәрсенбі, 08 Маусым 2022 18:39

Созақ: Жиын жемқорлықтың алдын алуға арналды

Созақ ауданының Құрметті азаматы, сайлау комиссиясының төраға орынбасары Мыңжасар Асқаров аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында жеке құрам қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде жемқорлықтың қоғамға аса қауіпті қылмыстық іс-әрекет екені айтылды. Шараның мақсаты – жемқорлықты болдырмау, алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды. Яғни, жиында тәртіп сақшыларына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында дәріс өткізді. Заң талабы аясында парақорлыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алу бойынша тиісті жұмыстардың жүргізілуі айтылды. Кездесуге келгендер тақырып аясында өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, сыбайлас-жемқорлықтың алдын ала бойынша атқарылған жұмыстардың барысы сараланды. Шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға жоспар құрылып, нақты міндеттер қойылды.

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Оқылды 307 рет