Созақ аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында жиын өтті. Оған жеке құрам қызметкерлері мен Түркістан облысының дін істер басқармасының «Дін мәселелерін қорғау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысты. Жиында полицейлерге «Дін саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері» тақырыбында дәріс өткізілді. Онда діни кітаптарды және діни мақсаттағы басқа да заттарды тарату секілді мәселелер қозғалды. Жиынға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Мұндай шаралардың маңызы зор. Сондықтан, алдағы уақытта да өз жалғасын табатындығын айта кетті.
"AQ-QARA.KZ"-ақпарат