Сейсенбі, 07 Маусым 2022 22:46

Полицейлер жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Жаз маусымы басталса, жасөспірімдердің суға түсетіндері белгілі. Алайда олардың ішінде судағы қауіпсіздікті сақтамайтындары да кездесіп жатады. Осыған орай Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері профилактикалық рейдтік іс-шара өткізді. Шараның мақсаты жасөспірімдердің суға түсуге тыйым салынған аймақтарда келеңсіз оқиғалардың алдын алу болды. 

Шара барысында аудан тұрғындарына суға түсуге болмайтын аймақтарға балаларды жібермеу, оларды қадағалау керектігі айтылды. Тәртіп сақшылары ата-аналарға осындай құқық бұзушылық орын алған жағдайда әкімшілік шара көрілетіндігін ескертті. Сонымен қатар жеткіншек балалар, өздері су айдынына шомылуға барған кезде суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы қажет. Көптеген жазатайым оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алады. Сондықтан әрбіріміз үшін судағы қауіпсіздікті сақтау маңызды. Полиция қызметкерлері жасөпірімдерге ата-ананың қарауынсыз шомылуға арналмаған жерлерде шомылуға болмайтындығын ескертеді. Сонымен қатар, жүзуді білмейтін балаларды суға арнайы құралдарсыз (шеңберлер, жеңдер, матрастар) жібермеуге кеңес береді. Өзіңіздің және өзгенің өмірі үшін сақ болайық!

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Оқылды 293 рет