Сәрсенбі, 08 Маусым 2022 23:01

Төлебилік тұрғын 7 жыл көлік басқара алмайды

Төлеби ауданының полицейлері түнгі қауіпсіздікті сақтау мақсатында рейдтік шара жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері Оңтүстік ауылына баратын тас жолдың бойында түнгі сағат 02:45 шамасында «Тойота Карина» маркалы автокөлігін тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның Ақтау қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Полицейлер оның мас күйіне күмән келтіріп, оған медициналық сараптама тағайындады. Зерттеу қорытындысына сәйкес, жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екені анықталды. 

Тәртіп сақшылары жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеп, аудандық сотқа жолдады. Төлеби аудандық сотының шешіміне сәйкес, жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

 

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Оқылды 298 рет