Дүйсенбі, 06 Маусым 2022 12:06

Сарыағаш: 915 000 теңге ақшасын алған алаяқ

Полицейлер шекарадан жұмысшылар шығарып беремін деп, ақша алған әйелді ұстады

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Ордабасы ауданының тұрғыны арызданды. Ер адамның айтуынша танысы «Өзбекстан Республикасынан жұмысшылар шығарып беремін», - деп, жалпы 915 000 теңге ақшасын алған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Осыдан соң полиция қызметкерлері күдіктіні ұстауға бағытталған жедел іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай күдікті медреседе жұмыс жасаған. Жәбірленуші медресеге жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету мақсатында жиі барып жүреді. Екеуі сол жерде танысып, бірнеше жылдар бойы араласқан. Содан жәбірленуші танысынан жұмысшылар қажет екендігін, танысы барын сұрайды. Күдікті әйел таныстарының барын, оған көмектесетіндігін айтып, ақшасын алады. Алайда берген уәде орындалмай 1 айдан аса уақыт өткен соң, жәбірленуші полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды алаяқтарға алданбауға шақырады. Қандай танысыңыз болса да, қаржыға қатысты күмәнді қызмет ұсынатын адамдарға сенбеңіз. Егер де сіз, алаяқтық қылмысының куәсі болсаңыз, полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Оқылды 214 рет