Жұма, 11 Қараша 2022 12:18

ЖЕТІСАЙ: «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ӨТУДЕ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2022 жылғы 7 қазандағы ведомствоаралық жедел кеңес хаттамасының 2.2-тармағына сəйкес құқық қорғау жəне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қолға алған «Заң керуені» акциясы өңірлерде, яғни, Жетісай ауданы, Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде өтті.

Жиында аудан прокурорының орынбасары Мақсат Ералиевпен әкімшілік, қылмыстық, қылмыстық процестік заңдарға енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар, полиция, прокуратура, сот өкілеттігінің аражігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, халыққа, заңсыз қаржы пирамидасы, оның ішінде қаржылық ұйымдарға инвестициялық салым ретінде ақша салып, кейіннен қайтарып ала алмай алданып жүрген адамдар, ол үшін қарастырылған жауапкершіліктер (ҚР ӘҚБтК-нің 150-бабы, ҚР ҚК-нің 217, 190-баптар);

- "атаулы әлеуметтік көмек (АСП) қайтарымсыз (580 000 теңге) алып беремін" деп алдау;

- адамдардың жеке мәліметтерін алдау не ұрлау арқылы атынан жасырын несие рәсімдеу секілді алаяқтық тәсілдері өршіп тұрғаны;

- сондай-ақ, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оның тәртібін бұзғаны, көшелерді, трассаларды жауып, көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 488, 614-баптарында әкімшілік, ҚР ҚК-нің 400-бабында қылмыстық) жауапкершіліктер туралы;

- ҚР ҚК-не мал ұрлығына арнайы 188-1 бап енгізілгені, үйге, қораға, көлікке кіріп ұрлық жасағаны үшін жазаның ауырлап, ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылыққа ауыстырылғаны;

- малды сырғалау, босатып жібермеу, бұл үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 406, 408-баптарында әкімшілік) жауапкершіліктер қарастырылғаны туралы;

- егістік алқаптарға мал жаю, ол үшін ҚР ӘҚБтК-нің 147-бабымен 20 АЕК, егер бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін 40 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілік көзделгені, келтірген материалдық шығынды азаматтық тәртіппен сот арқылы өндіріп алу тәртібі;

- халықтың жайылымдық жерге қажеттілігін қамтамасыз ету және төрт түлік малдың жайылуына жағдай жасау;

- мақта бағасы, мақтаны өткізу кезінде мақта қабылдау пункттерінің таразыны дұрыс тартпай, кем өлшеуі, бұл үшін ҚР ӘҚБтК-нің 190-бабымен әкімшілік жауапкершілік көзделгені;

- жол көлік оқиғасы және оның мас күйінде жасау, ол үшін жаза ауырлап 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру, қайталап жасалса қылмыстық жауапкершілік көзделгені және тағы басқа да мәселелер бойынша ақпараттар мен мағлұматтар айтылып, халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің артуына ықпал етілді.

Оқылды 262 рет