Сейсенбі, 01 Қараша 2022 14:35

Мақтаарал:“Діни сауаттылықты арттыру” тақырыбындағы кездесу өтті

АудандықішкісаясатбөліміжәнеАдамиәлеуеттідамытубөлімініңбіргеліктімектепоқушыларыныңдемалысынтиімдіпайдаланунегізіндеДостықауылдықокругінеқарастыбіліммекемелерінің 9-11 сыныпбітірушіоқушыларынаДінисауаттылықтыарттырутақырыбындадіниэкстремизмжәнетерроризмніңалдыналумақсатындакездесуұйымдастырылды. КездесубарасындааудандықкерағарағымдардыңқазіргітаңдағыинтернетарқылыжүргізіліпотқанжұмысыжәнеҚазақстанРеспубликасыныңДіниқызметжәнедінибірлестіктертуралызаңыайтылды. Кездесуеркінформаттасұрақ-жауапалмасунегізіндеөткізілді. Кездесубарысындақазақхалқынадінніңқалайкелгеніжәнедеқазіргіуақыттакерағарағымдарданзардапшеккеназаматтардыңжай-күйіайтылыпөтті.ХІ-ХІІ ғасырларда Ислам халифатының саяси қуаты кеміп, дін насихатын күшпен жүргізу мүмкін емес жағдай орнады. Осы тұста Орталық Азияда Түркістан діни мектебінің негізін салушы Қожа Ахмет Ясауи және оның ізбасарлары Дешті Қыпшақ халқының Ислам дінін қабылдауына ерекше еңбек сіңірді. Түркістан діни мектебінің негізін салушы Құл Қожа Ахмет Яссауи көне Исфиджаф қаласында ХІ ғасырдың екінші жартысында софы Ибраһим шайхы мен Қарашаш ананың шаңырағында дүниеге келді (Фуат Көпірұлы, «Түркі әдебиетіндегі алғашқы сопы-ақындар», 31-34 беттер). Фуат Көпірұлы ортағасырлық тарихи деректерге сүйене келе, Қожа Ахмет Ясауидің қолөнермен шұғылданған сопы екенін, дүние ісіне көп мән бермейтін, бойына керемет дарыған тақуа адам болғанын айтады. Дүниенің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар Қожа Ахмет Ясауимен сөз таластырып, жеңілгенін, оның діни көзқарасына қарсы болған жергілікті тұрғындардың оны арандатпақ болғанын, бірақ әулиелігінің арқасында өзіне төнген қауіптің алдын алып отырғанын жеткізеді. Бұл деректер оның «Диуани хикметінде» де баяндалады. Айталық, Қорасан ғұламасы Баба Машын Қожа Ахмет Ясауимен пікір таластырып, оның хикмет іліміне бас ұрған еді.Қожа Ахмет Ясауи өмір сүрген ХІІ-ХІІІ ғасырларда Түркістан Ислам әлемінің солтүстік шекарасы саналатын. Исламның алғашқы дәуірлерінде дінді тарату фатх жорықтары арқылы жүргізіліп, шекара аймақтар «рибат» (кәпірлермен соғысқан кездегі аттың қазығы қағылған жер) деп аталатын. Ал Ясауи дәуірінде рибаттар нәпсі тәрбиесімен айналысатын діни тәлім-тәрбие беретін ошақтарына айналды. Сопылық ілімде топырақты күшпен жаулап алу оңай, ал адамның рухы мен болмысы жаулануы қиын қамал болып есептелінеді (Д.Кенжетай, «Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы», 113-бет). Осы тұста сопылар хақ дінді этикалық және моральдық құндылықтар арқылы насихаттауды жүзеге асырды. Оның бұл ұстанымы Құран Кәрімнің: «Дінде зорлық жоқ» («Бақара» сүресі,  256-аят), «Егер жаратушы қалағанда жер бетіндегі адамдардың бәрі иманға келер еді. Олай болса сен адамдардың иманға келуі үшін оларды зорлық жасаймысың» («Юнус» сүресі, 99-аят) деген үкімдеріне негізделген еді.Қожа Ахмет Ясауидің барынша толерантты болғанына оның өмірінен жарқын мысалдар келтіруге болады. Түркістандағы жергілікті халықтың 20 жыл бойы зорлық-зомбылығына сабыр етіп, баласы Ибраһимді қастандықпен өлтірген адамға мінген атын беріп, қызын ұзатуы, Қожа Ахмет Ясауидың аса төзімді, дегдар жан екенін көрсетеді. Ол бейбіт ұстанымының арқасында көне түркі дәстүрі мен Исламды қабыстырды. Сол арқылы діни һәм мәдени қақтығыстар арасынан жол таба алды.Әл-Хазини өз еңбегінде Қожа Ахмет Ясауидің кемелдікке жетудің мәкан, заман, ихуан, рабт-сұлтан атты төрт қағидасын бекіткенін алға тартады. Мәкан қағидасы бойынша адамның өмір сүретін отаны және рухани сұранысын қанағаттандыратын діни мекені (мешіт, медресе, текке) болуы керек. Заман қағидасы бойынша ақиқатты тануға талап білдіруші уақытты тиімді пайдалануы тиіс. Ихуан (бауырластық) қағидасы бойынша ақиқат жолына бетбұрыс жасаған сопы төңірегіндегі адамдарды бауырына баса білуі керек. Рабт-сұлтан қағидасы бойынша салих мұсылман мемлекет басшысына бағынып, оған адал болуы қажет (Әл-Хазини, Жауаһирил-әбрар би Әмуажил бихар, 109-112 беттер).Қожа Ахмет Ясауидің тағы бір ерекше қыры оның шығармашылығының түркі тілінде жазылуы еді. Сол дәуірде ғылым мен әдебиеттің тілі араб пен парсы тілі бола тұра, ол өз еңбектерін түркі тілінде жазды.Әл-Хазинидің айтуына қарағанда, Қожа Ахмет Ясауидің 99 000 шәкірті болған. Басқа бір аңыз бойынша Ясауидің қасында 12 000 сопының болғаны айтылады. Оның алғашқы халифасы Мансұр ата (1197 жылы қайтыс болды), екінші халифасы Саид ата Хорезми (1218 жылы қайтыс болды), үшінші халифасы атақты Хәкім ата Сүлеймен Бақырғани, төртінші халифасы Мұхаммед Даншмент Зарнұқи болды.Қожа Ахмет Ясауи негізін салған Түркістан діни мектебін Суксук ата, Тилки ата, Исмайыл ата, Садыр ата, Бадыр ата, Зеңгі баба, Ұзын Хасан ата, Шейх Иқани, Құсшы ата, Жүсіп ата, Шопан ата, Қажы Бекташ әулие, Сары Салтұқ, Шайық Лұқпан Перенде, Баба Машын, Әмір Әли Хакім, Хасан Бұлғани, Имам Мерғазы, Шайых Осман Мағрифи секілді хикмет иелері дамытты.Қожа Ахмет Ясауидің мүридтері Ислам дінін Мәураннахр, Шығыс Түркістан, Дешті Қыпшақ, Анатолия, Еділ бұлғарлары арасына таратты. Мысалы, Қожа Ахмет Ясауидің шәкірттері Хасан әл-Бұлғари мен Бираш ибн Абраш Еділ бойында дін насихатын жасап, халықты хақ дінге шақырады. Олардың ізін басқан Ешмұхаммед ибн Тоқмұхаммед, Идрис ибн Зулмұхаммед, Қасым шайх ибн Ибраһим, Қожа Әмір Калал және тағы басқа сопылар ұзақ жыл бойы Еділ бұлғарлары арасында дін насихатын жүргізді (Мұртаза Бұлұтай, «Мұсылман қазақ еліміз», 83-бет).Атақты жаһангер Әмір Темір (1370-1405) түркілердің пірі Құл Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің басына аситана (тариқатты басқару кешені) тұрғызып, оған уақыфтық құжатпен арнайы мәртебе берді. Көшпелі Өзбек мемлекетінің билеушілері Әбілхайыр хан (1428-1468), Мұхаммед Шайбани хан (1500-1510), сондай-ақ Қазақ хандары Қожа Ахмет Ясауиді пір тұтып, Түркістандағы аситанаға берілген рухани мәртебеге ерекше құрметпен қарады. Тіпті Еңсегей бойлы Ер Есім хан 1598 жылы Түркістанды Қазақ хандығының ордасы етіп бекітті. Құл Қожа Ахмет Ясауидің аситанасы Қазақ хандарының резиденциясы ғана емес, халқымыздың айтулы хан-сұлтандары, би-шешендері, батырлары мен жырауларының дамыл тапқан мәңгілік мекеніне (пантеон) айналды. Осыдан кейін Алаш баласы Әзірет Сұлтанның құрметіне мемлекет орталығын (бұрын «орда» деп келген) «Астана» деп атай бастады. Осылайша қасиетті Түркістан қаласы қазақ рухани шамшырағына айналған болатын,-деді спикерлер.  

Бүгінгі таңда қазақ жерінде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Мемлекетіміз конфессияаралық, дінаралық алуандығымен ерекшеленетін әлемдегі азын-аулақ елдердің қатарына кіреді. Еліміздің  конфессияаралық келісім мен үнқатысудағы құнды тәжірибесі әлем назарына ілігіп отыр. Олардың бәрін ортақ мүдде мен бір мақсат біріктіріп,  топтастырып, ауыз біршілігін нығайта түсуде. Алайда, еліміздегі осыншалықты тындырымды тірліктерімізге сына қағуға тырысып, түрлі іс-әрекеттерімен жұртшылықты, соның ішінде жастар өкілдерін адастырып жүрген кереғар діни ағымдардың да бар екенін айта кетуге.Бүгінгі таңдағы жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен теріс бағыттағы діни ағымдар- қоғамымыздағы үлкен мәселелердің бірі болып отыр. Теріс пиғылды бұл діни ағымдар қоғам тұтастығын бұзып, азаматтарымызға әсіресе жастарымызға ерекше әсер етіп, оларды теріс жолға салумен келеді. Түрлі теріс бағыттағы көзақарстарға еріп кету кесірінен көптеген отбасылардың ажырасуы, отбасы институтына кері әсер етіп, еліміздің бейбіт өміріне қауіп төндіруде. Олар — дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, мәдениетімізден, ділімізден, тілімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт-дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып, ұмыттырғысы келеді.Бұл теріс пиғылды діни топтар көздегеніне жету үшін онымен қоса қатарын жаңа мүшелермен толықтыру үшін өзінің шынайы мақсатын жасыруларына тура келеді. Осы себепті керағар діни ағым өкілдері өз идеологиясын таратуда бұрмаланған әр түрлі діни тіркестерді пайдалана отырып, өздерінің ақиқат жолында, тура жолда екенін көрсеткісі келеді. Теріс бағыттағы радикалды ұйымдардың жасап жатқан әрекеттері мен көзқарастары дәстүрлі әлемдік діндердің ұстанымдары мен қағидаларына толығымен қайшы келеді. Былай қарайтын болсақ, бұл ұйымдардың әрекеттерін дінге, дінді ұстанущы қауымына және жалпы адамзатқа қарсы жүргізіліп жатқан қылмыс ретінде бағалауға болады. Бейбітшілік пен адамгершілікке шақыратын шынайы діни сенім адамдарға зұлымдық көрсетуге, жан иесін өлтіруге жол бермейді. Бұл қағидаттар киелі кітаптарда тайға таңба басқандай жазылған.Адасқан радикалды діни ағымдардың жетегінде кетуінің  себептері ретінде: дәстүрлі діні, мәдениеті, тарихы және салт-дәстүрлері жайлы жеткілікті білімдерінің болмауын айтуға болады. Мұндай керағар ағымдардың идеологиясына қарсы тұра білу үшін жастарымыздың бойына қазақ халқының ежелден қалыптасқан ата — баба дінімізді салт дәстүрімізді санасына сіңіре отыра тәрбиелеу керек.Дәстүрлі асыл дініміздің рухани құндылықтары ұлтымыздың болашағын құруда ықпал етуші маңызды фактор болып табылады. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен руханияты, өмірлік ұстанымдары мен салт-дәстүрлері, ойлары мен көзқарасы, дүниетанымы осы діннің құндылықтарымен сабақтаса қалыптасты. Сол себепті сырттан келген деструктивті діни ағымдардың идеологиясына төтеп беретін тиімді жолдардың бірі – Елбасымыздың : «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап көрсетілгендей ұлттық кодты, ұлттық құндылықтарды, елдік мақсат пен мемлекеттің ұлттық құрылымын, қазақ елінің тарихи мұраларын жаңғырту болып табылады.Еліміздің тарихын, қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарын бойына сіңірген ислам дінінің өзіндік даму жолы бар. Бұл дәстүрлер  қазақ халқының ұлттық біртұтастығының белгісі болып табылады.

Бүгінгі қоғам жастары  өздерінің мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтауы керек. Бұл дегеніміз – рухани негізді игерудегі бүгінгі жаһандану заманында мәдениеттің құлдырауынан сақтайтын, сан түрлі сипаттағы деструктивті ағымдарға қарсы тұруды қалыптастыратын қорған болып табылады.Іс-шарағажалпы 100 жуықмұғалімдерменоқушыларқамтылды.Жиналғандар өздеріне көп мәлімет жинағандарын айтып, тарқасты.

 

Оқылды 130 рет