Сәрсенбі, 16 Қараша 2022 21:59

Отырарда жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған жиын өтті

Отырар ААӘДБ-не қарасты Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында "Қауіпсіз жол жүріс апталығы" акциясы барысында оқушылардың қауіпсіздігін және жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мектеп оқушылармен Отырар АПБ-нің бастығы полиция подполковнигі Е.Усербаевпен кездесу болды.

Кездесудің мақсаты кәмелеттік жасқа толмаған жастар арасындағы қылмысты болдырмау және алдын алу. Буллингке жол бермеу, есірткі, ішімдіктерге әуес болмау жолдарын түсіндіру. Шара барысында Ермек Әліпбекұлы сөз сөйлеп, Заң туралы және жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық бойынша мәліметтер берді. Оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, оған түсіндірме жасады. Қылмысты бір адам жасаған жағдайда жазалаланатыны, 2 немесе оданда көп адам бірлесіп жасаса ол да қылмыс бірақ оның жазасы екі еселенетін айтып өтті.

Қылмыс жасаған әрбір азамат заңмен жазаланады. Сол үшін өз өмірлеріне балта шаппай, жаман нәрсеге әуес болмауларын ескертті. Қылмыстың көбі түнгі мезгілде болатынын айтты. Сол үшін балаларын түнгі мезгілде қасында заңды тұлғасыз (ата-анасыз) көшеге шығармауды ескертті. Ата-ана тарапынан қадағалау жұмыстары жүргізіліп тұрса қылмыстың азайуна көмек болар еді деп өз көз қарасын білдірді.Ата-анамен бала арасында ашық сұхбаттар болып тұрса деген ұсынысын жеткізді. Оқушыларға үлкенді силап ата-ананың үмітін ақтау қажеттілігін насихаттады. Жиын соңында Отырар АПБ-нің бастығы полиция подполковнигі Е.Усербаев мырзаға оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптарын алды.

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады. Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығады. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүргендерін қадағаламауынан пайда болады. Сондықтан тәртібі нашар, ішкі істер органдарында есепте тұрған оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізуден жалықпау міндет.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе!» деп атамыз қазақ айтқандай, бүгінгі жастар – еліміздің болашағы. Сондықтан да білім алушы жастар Отанға деген сүйіспеншілік патриотизм, танымының заңдылықтарын игеру тиіс. Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Ата-аналар өздерінің арасында тұлға аралық қатынастары мен жалпы психологиялық-педагогикалық мәдениетін дамыта отырып, өзін-өзі жетілдіре отырып, балаларды тәрбиелеуге идеалды атмосфераны құрайды. Балалардың ақыл-ойының дамуы, болашақтағы тұлғалық қатынасының дамуы, қоғамда жетістіктерге қол жеткізуі отбасына байланысты.

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы. Мемлекетімізде құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде арнайы заң да қабылданғаны белгілі. Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) құқық бұзушылықтың алдын алу - мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге бағытталған құқықтық, әлеуметтік, экономикалық ұйымдастырушылық іс-шаралар және өзге де шаралар кешені; 2) құқықтық тәрбие - азаматтарда заң сыйлаушылық мінез-құлықты қалыптастыруға, құқықтық білім алуға және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені; 3) әлеуметтік бейімдеу - қоғамда қабылданған мінез-құлық ережелері мен нормаларын адамның бойына белсенді сіңдіру процесі; 4) әлеуметтік оңалту - құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі органдары мен мекемелері жүзеге асыратын, құқыққа қарсы мінез-құлықты адамға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық, педагогтік көмек көрсетуге бағытталған шаралар кешені, сондай-ақ психологиялық немесе моральдық жарақатты жеңу процесі; 5) криминологиялық сараптама - олардың криминогендік жағдайдың жай-күйіне ықтимал әсерін бағалау үшін жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын арнайы зерттеу; 6) жеке профилактикалық жұмыс - құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі субъектілерінің әлеуметтік қауіпті жағдайдағы адамдарды уақтылы анықтау, оларды әлеуметтік оңалту және (немесе) олардың құқық бұзушылық жасауын ескерту жөніндегі қызметі; 7) құқық бұзушылық - ол үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жауапкершілік көзделетін, жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіретін адамның құқыққа қарсы, кінәлі әрекеті не болмаса әрекетсіздігі; 8) қоғамға қарсы іс-әрекеттер - белгіленген әлеуметтік нормалар мен мінез-құлық ережелерін бұзатын, адамның психикасына және/немесе денсаулығына теріс ықпал ететін іс-әрекет: алкогольдік ішімдікті жүйелі түрде пайдалану, есірткі және психотроптық заттарды медициналық емес тұтыну, қаңғыбастықпен, қайыршылықпен және жезөкшелікпен айналысу; 9) заң сыйлаушылық мінез-құлық - заңда белгіленген мінез-құлық нормаларына сәйкес келетін, басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтын адамның саналы жүріс-тұрысы; 10) профилактикаланатын адам - оған қатысты жеке алдын алу жұмысы жүргізілетін, құқық бұзушылықтың алдын алу субъектісінің профилактикалық есебінде тұратын жеке адам; 11) құқықтық тәртіп - заңдылықты сақтау, заңмен кепілдік берілген құқықтарды іске асыру және барлық жеке адамдардың, органдардың және ұйымдардың заңда белгіленген міндеттемелерді орындауы.

Осы Заңның мақсаты құқық бұзушылықтың алдын алу саласында бірыңғай мемлекеттік саясат орнату, құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Аталған Заңның міндеттері: 1) азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету; 2) құқық бұзушылықтың деңгейін азайту; 3) құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, жою; 4) бас бостандығынан айыру орындарынан оралған, осыған орай туыстық байланыстарын жоғалтқан, сондай-ақ тұрақты тұратын жері және құжаттары жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту; 5) құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі субъектілерінің және оған қатысушылардың қызметін үйлестіру; 6) салауатты өмір салтын қалыптастыру, азаматтық құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті тәрбиелеу; 7) құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету болып табылады.

 

Оқылды 251 рет