Бұл іс-шаралар тоқсан сайын тұрақты негізде өткізіледі. Аталмыш оқу-жаттығудың мақсаты – өрт сөндірушілердің шеберлік деңгейін іс жүзінде арттыру, сондай-ақ дене шынықтыру дайындығының деңгейін тексеру болып табылады. Сабақ қорытындысы бойынша жеке құрамға баға беріледі.
Практикалық оқу-жаттығу сабағының тактикалық мәнісі, өрттің салдарынан пайда болған қою түтіннен ғимарат ішіндегі қызметкерлерді қауіпсіз жерге көшіру, жарақат алғандарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету және шартты түрдегі өртті толықтай жою болып табылады. Өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлерінің үйлесімді әрекетінің арқасында өрт - тактикалық оқу сабақтың алға қойған мақсаты орындалды.
Алға қойылған жауынгерлік міндет өз деңгейінде орындалып шықты. Шартты түрдегі өрт екеніне қарамастан өрт тактикалық сабағы шын мәнісінде өтіп, өртті уақытында ауыздықтаған үшін басшылық тарапынан жақсы деген баға берілді. Өртпен күресушілерге мұндай өрттер тек жаттығуда ғана болсын деген тілектерін білдірді.
Шара соңында өрт-тактикалық сабағына оң баға беріп, жедел құрылымдардың тиімділігі аталып өтті. Сондай-ақ, төтеншеліктер өрт туралы, онымен күрес жолдары туралы кеңінен айтып берді. Біз өз кезегінде төтеншеліктердің өрт жайлы, онымен қалай күресу керектігі жөніндегі нұсқаулықтары мен ақыл кеңестерін төменде назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Өрт кезінде ең қорқыныштысы – сасқалақтық пен үрей. Қауіпсіз жерге шығуға от пен түтін аз мүмкіншілік беріп жатқанда, құнды минуттарды жоғалтасыз. Міне, әр адам өрт кезіндегі бастапқы ережелерді білуі керек. Олармен таныс болыңыздар, мүмкін күндердің күнінде бұл сіздердің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қалар.
– Өртті көрген кезде, жағдайды парасатты бағалап, бар күшіңізді жинап, өзіңізге көмекші табыңыз.
– Ең алдымен өрт сөндіру қызметін (101 телефоны, көршілер, радиостанция, қызметтік автокөліктер, полиция, жедел жәрдем, авариялық қызмет т.б.) шақыртыңыз.
– Тәуекелді жағдайда мүлікті құтқаруға бекер күшіңіз бен уақытыңызды жоғалтпаңыз.
– Бастысы – кез келген тәсілмен өзіңізді және қайғыға ұшыраған басқаларды құтқаруға тырысыңыз.
– Балалар мен қарттарды құтқаруға тырысыңыз. Оларды өрт болып жатқан жерден әрі алып кетіңіз, себебі ол жерде газ баллондардың, бензобактардың атылуы және өрттің тез дамуы мүмкін.
– Өрт сөндірушілерге дұрыс ақпарат (нақты мекен-жайды, қысқа келетін жолды, не өртеніп жатқанын, ішінде адамдар санын) беру үшін міндеті түрде оларды алдарынан шығып, күтіп алу қажет.
– Егерде үстіңізде киім жана бастаса, жүгіруші болмаңыз, себебі жалын одан сайын лапылдауы мүмкін;
– Жанып жатқан киімді үстіңізден дереу шешуге тырысыңыз;
– Маңайда көлшік немесе қалың қар болса, соған сүңгіңіз;
– Жоқ болса, жерге құлап, жалын сөнгенше аунаңыз;
– Үстіңізге қалың мата жабыңыз, бірақ басыңызды ашық қалдырыңыз;
– Дәрігерге қаралмай, күйген жерлерден киіміңізді шешуге тырыспаңыз.
Егер де подъезде өрт болса:
– Подъезге шығушы болмаңыз, себебі түтін өте улы, ал ыстық ауа өкпеңізді күйдіріп жіберуі мүмкін;
– Ең алдымен «101 немесе 4-24-01» телефонына ӨРТ сөндіру қызметіне қоңырау шалыңыз;
– Төменге қарай жіппен, ақ жаймамен, су құбырымен түсу өте қауіпті. Терезеден секіру мүлдем қауіпті;
– Үйіңізге түтін кірмес үшін кіреберіс есігіңізді су матамен мықтап жабыңыз;
– Ең қауіпсіз жер – балконда немесе терезенің қасында. Ең алдымен өрт сөндірушілер сізді сол жерде таба алады. Далада суық болса, жылы киініңіз, артыңыздан балконның есігін жабыңыз.
Өрт шыққан уақытта объект әкімшілігінің іс-әрекеті біріншіден қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен адамдарды қоныс аударуға бағытталу керек.
Өрт шыққан кезде персонал міндетті:
- өрт сөндіру қызметіне 01 телефоны арқылы тез арада хабарлап, сондай-ақ объектінің мекенжайын, өрт шыққан жерін, не жанып жатқанын және ғимараттағы адамдар саны туралы хабарлау керек;
- адамдар өміріне қауіп әкелетін жағдайларда тыныс алу органдарының жеке қорғау құралдарын, қолдағы бар күш пен құралдарын пайдалана отырып олардың құтқаруын шұғыл ұйымдастыру керек;
- өртке қарсы қорғау жүйесінің жұмысын тексеру (өрт жайында адамдарды хабарлау, өрт сөндіру, түтіннен қорғау);
- қажетті жағдайда электр энергиясын сөндіруге (өртке қарсы қорғау жүйесінен басқаны), лифт жұмысын тоқтатуға;
- авариялық және басқа үй жайларында желдеткіш жүйесінің жұмысын тоқтату, ғимарат үй жайларының түтіндеуін, өрттің өрбуін тоқтатуға ықпал ететін басқадай шараларды орындауға;
- ғимараттағы өртті жою шаралармен байланысты жұмыстан басқа барлық жұмысты тоқтатуға;
- өрт болған уақытта терезе мен есіктерді ашпауға, сондай-ақ шыныны сындырмауға. Ғимарат немесе үй жайынан шыққан уақытта терезе мен есіктерді жауып кетуге, өйткені кірген таза ауа өрттің тез жайылуына ықпал етеді.
Объект басшысы міндетті:
- өрт сөндіру қызметінің құрылымдары келгенге дейін (объектінің спецификалық ерекшелерін есепке ала отырып) өрт сөндіру бойынша жалпы
басшылықты жүргізуге;
- өртті сөндіруге қатыспайтын қызметкерлерді қауіпті аймақтан тыс жерге шығаруға;
- өртті сөндіруге қатысатын қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге;
- өртті сөндірумен қатар қоныс аудару мен материалдық құндылықтарды сақтауды ұйымдастыруға;
- өртке қарсы қызмет бөлімшелерін қарсы алуға және өртке жақындайтын ең қысқа жолды көрсетуге;
Өрт сөндіру бөлімшесі келгенде, кәсіпорын басшысы (немесе оны ауыстыратын адам) өртті сөндіру басшысына ғимараттағы адамдардың саны, объектілердің конструктивтік және технологиялық ерекшеліктері, жақын орналасқан құрылыстар мен ғимараттар, объектілерде сақталатын және қолданатын қауіпті, жарылғыш, улы, радиоактивті материалдар, заттардың саны және өрт қауіпті белгілері, сондай-ақ өртті тез сөндіру және өртті сөндіруге қатысушылардың қауіпсіздігі туралы қажетті мәліметтерді хабарлауға міндетті, сонымен бірге өртті жоюға байланысты қажетті іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында объектінің күштері мен құралдарын тартуды ұйымдастыруға міндетті.
Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт уақытымен және кеңістікте көбейетін, жанудан бөлек масса және жылу ауысуын қосатын, ауыр физико - химимялық процесс. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады: 1. Отты абайсыз қолдану; 2. Пештің ақаулығы; 3. Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау; 4. Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.
Ең бастысы, үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пеш ақаулы болса, онда ол өрттің баспанада орын алуына бірден - бір себепші. Үйдегі пешке аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Пеш жаздың күні міндетті түрде жөндеуден өткізілуі тиіс. Балаларға пешті қарауға және жағуға тиым салынады.
Өрт оқиғаларына басты себепшілердің бірі газ баллондарды пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып отыр. Газ баллоны өртке қауіптілігімен бірге, үйде жарылысқа себепші болып, үлкен апатқа да соқтыруы мүмкін. Газ баллоны газ плитасына дұрыс орнатылуы қажет. Газ баллоны газдың шығып жатқанын, тек сабын көпіршіктері арқылы тексеруге болады. Газдың иісін ауадан сезген уақытта сіріңке жағуға, темекі шегуге, басқа да электр қондырғыларын іске қосуға болмайды.
Газ шыққанын байқасаңыз, тез арада есік пен терезені ашып бөлмені желдетіп, баллонды далаға шығарып, апаттан құтқару қызметіне хабарласыңыз. Баллонды қыздыруға, егер баллон бұзылған болса, оны өзіңіз жөндеуге тиым салынады.
Өрт оқиғаларына басты себепші электр желісі және өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы болып табылады. Үйге жарық тартқан кезде, көбінесе, оның дұрыс орнатылуы ескеріле бермейді. Ескірген сымдарды қолдану да кездеседі. Осы жәйттардың барлығы аяғында өртке әкеп соқтырады. Электр желісі бұзыла қалған жағдайда, кәсіби біліміңіз болмаса, оны өзіңіз жөндеу - өте қауіпті.
Сондықтан, үйдегі электр желілеріне салмақ түсіретіндей 2 - 3 электр затын бір мезетте электр қуатына қоспау керек.
Өртке келгенде баланың да шалалығы бар. Қолынасіріңкеұстапойнағанжасөспірімдердіңабайсыздығынанболғанөртоқиғалары аз емес. Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.
Өрттерді сөндірудің негізгі құралдары:
Су — өртті сөндірудің негізгі құралы. Су электр өткізгіш, сондықтан оны тоқта тұрған жүйелер мен жабдықтарды сөндіруге пайдалануға болмайды. Электр сымдарға судың түсуінен қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.
Құм — өрттің шағын ошақтарын сөндіру құралдарының ең қарапайымы болып табылады. Оның отты сөндірудегі әрекеті — ол жанғыш затты салқындатады.
Химиялық көбіктің құндылығы оның төзімділігінде, тұтқырлығында, жеңілдігінде болып табылады, ол жанған затты толығымен тығыз жауады және оған ауа жібермейді.
Көмір қышқылды өрт сөндіргіштер химиялықтармен қатар айтарлықтай таралған. Олар химиялық зертханаларда, кітапханаларда, мұражайларда және басқа да жайларда кеңінен қолданылады. Бұл өрт сөндіргішті қуаттандыру үшін үлкен қысымда тұрған сұйытылған көмір қышқылы (көміртек диоксиді) қолданылады.
Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу барысында баллонды көлденең жағдайға бұруға болмайды, өйткені бұл кезде сифонды құбыр арқылы көмір қышқылдың шығуы бұзылады.
Қазіргі уақытта құрғақ ұнтақтармен толтырылған ұнтақты өрт сөндіргіштер көп таралған, олар өрт аумағына түсіп, отты сөндіретін зат бөледі.
Ұнтақты өрт сөндіргіштер тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтардың, газдардың, ағаш өнімдерінің, тоқ қысымында тұрған электр сымдардың, сілтілі металлдар мен өздігінен жану қасиеті бар басқа да заттардың жануын сөндіру үшін қолданылады.
Өрт қауіпсіздігі ережесі
ҮЙДЕГІ ӨРТ
Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101 - ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.
Сіздің әрекетіңіз:
1. Түтіннің исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті сулап ауызыңыз бен мұрынды жабыңыз сосын еңкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.
2. Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті күшейтіп жібереді.
3. Жанып жатқан үйден лифтпен түспеңіз, өйткені ол қатты өрт болып жатқан қабатта тоқтап ашылу мүмкін және содан бәрі жарақат алады. Ток кез келген уақытта сөніп қалу мүмкін және лифт этаждардың арасында қалу мүмкін.
4. Егер коридор және площадка өртте және түтінде (төмен түсуге жол жабық) болса, онда шатырға көтеріліңіз.
5. Егер өрт коридорда болса, есікті қатты жауып, сұйық шүберектермен ашық жерлерді жауып, есікке көрпе не пальто іліңіз. Терезені ашып қатты дауыс беріп көмекке шақырыңыз.
6. Егер сізге біреуді өрттен құтқару керек болса, онда өзіңді арқанмен орап бір шетін далада тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді жоғалсаңыз, онда сізді арқаннан тартып өрттен алып шыға алады. Ауызымен мұрынды ылғал шүберекпен жабыңыз.
7. Егер құтқарған адам түтінмен демалып есін жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз.
Түтінмен уланудың алғашқы белгілері: бастың айналуы, бас ауыруы, жиі демалу, жүрек айнуы, сананы жоғалту.
ЕГЕР ӨРТ ҚАТТЫ ЖАНЫП ТҰРМАСА.
Сіздің әрекетіңіз:
1. Өртті бір затпен (көрпе, пальтомен) үстінен жаба салыңыз. Содан кейін үстінен су кұйыңыз.
2. Түтінмен демалмауға тырысыңыз. Мұрынды және ауызды ылғал шүберекпен орап қойыңыз.
3. Өрттен жанып тұрған заттарды алмаңыз, өйткені ол өрттің таралудың себепкері болады.
4. Өртті шетінен бастап ортаға қарай сөндіру керек.
АДАМ ҮСТІНДЕГІ КИІМНІҢ ЖАНЫП КЕТУІ
Сіздің әрекетіңіз:
Адамды тез ғана жерге жатқызыңыз (бұл өрттің адамның басына баруына жол жабады), үстіне су кұйып немесе курткамен, пальтомен жабыңыз.
Өрттің алдын алу шараларын мыналар кіреді:
- құрылыстық - жобалау;
- техникалық;
- ұйымдастырушылық;
Құрылыстық - жобалау шаралары ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады.
Техникалық шараларына мыналар кіреді:
- өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т. б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;
- құрал - жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;
- әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.
Ұйымдастырушылық шаралар құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат»