Шымкентте газ беру уақытша тоқтатылды

Өндірістік қажеттілікке байланысты Уәлиханов көшесіндегі ПГБ-123-тен тартылған газ құбырларына саңылаусыздықты сынаудан өткізу үшін тиісті жұмыстар жүргізіледі. Сол жұмыстар барысында Ш.Уәлиханов, Владивосток, Ақсу, Ұлықбек, Курчатов, Ухтимский, Қарасу, Шаляпин, Канал, Сайрам, Уфимцев, Аймауытов, Елшібек батыр, Манкент, Молодая Гвардия, Шолохов, Перов, Мәделі қожа, М.Мәметова, Әлімбетов, Алтынсарин, Школьный, Декабристер, Сапарбаев, Макаров, Орынбай ақын, Саратов, Тәжібаев көшелерінде 2018 жылдың 6-8 тамызы аралығында табиғи газдың берілуі уақытша тоқтатылды.

Бекайдар Төлегенов «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

Таяуда «Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласы филиалының кеңейтілген мәжілісі өткені белгілі. Қала әкімі, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалының төрағасы Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы мәжіліске төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

«Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласы филиалының кеңейтілген мәжілісі өтті. Мәжіліске қала әкімі, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалының төрағасы Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы төрағалық етіп, жүргізді.

Шымкент әкімдігі әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсетеді

Шымкент қаласының әкімдігі әлеуметтік жағдайы қиын әйелдерге қолдау көрсетпек. Шаһар әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тұрақты табысы жоқ, балалары қолына қараған аналарға лайықты қолдау көрсетуді ұсынды. Аналардың белгілі бір кәсіби мамандықтар бойынша білімін жетілдіруіне және өз ісін ашу үшін жеңілдікпен несие алуына қолдау жасалмақ.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі қабылдайды

Шымкент қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мұратжан Омарбекұлы Акишев 2018 жылғы 14 тамыз күні сағат 15:00-де қала әкімі аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдайды.

Түркістан облысында биыл 1000 шақырымға жуық жол жөнделіп, пайдалануға беріледі

Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 18 118,0 шақырымды құрайды. 2018 жылы жолдардың құрылыс жұмыстарына бюджеттен 26 332,5 млн. теңге қаралып, 437 нысан немесе 1 421,4 шақырым жолдар мен көшелер, 10 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Биыл оның 417 нысаны немесе 994,7 шақырым пайдалануға берілетін болады. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.

Түркістан облысында «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауының іріктеу кезеңі өтті

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен байқау Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Астананың 20 жылдығына арналып отыр. Байқаудың мақсаты- композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын дәріптеу, халық арасында ән өнерін дамыту, қазақ әндерін орындаушылар арасынан жас талант иелерін анықтап кәсіби бағдар беру, жеке шығармашыл тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету, әншілердің орындау шеберліктерін арттыра отырып оларға қолдау көрсету және отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу болып табылады.

Жетісай ауданында ағын су тапшылығының алдын алу шаралары күшейтілуде

 

Соңғы бір аптада Жетісай ауданында ағын су тапшылығы сезіле бастады. Қазіргі таңда көршілес Өзбекстан Республикасынан «Достық» каналына секундына небәрі 51,45 текше метр су жіберілуде. Бұдан бөлек, «МАШ» каналға Сырдария өзенінен машиналық насостық станция көмегімен секундына 27,50 текше метр ағын су тартылуда. Бұл көлем мақташылардың ағын суға деген сұранысын толық қанағаттандыра алмайды. Осы түйткілдің түйінін тарқату мақсатында Жетісай ауданының әкімдігі Қарағанды облысынан арнайы канал тазалағыш «Драглайн» жылжымалы техникасын алдыртып, «МАШ» канал ұлтанын тазарту жұмыстарын бастап жіберді.