Шымкентте патриоттық кітап талқылауы өтті

Шымкентте Тәуелсіздік күніне арналған ерекше шара ұйымдастырылды. Жастар ресурстық орталығының бастамасымен және қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлының қатысуымен «Сенің ортаң» жобасы аясында кітап талқылауы өтті.

Шымкентте креативті индустрияны қолдану жәрмеңкесі өтті

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен жергілікті креативті индустрия кәсіпкерлеріне арналған кезекті жәрмеңке өтті. Креативті индустрия бүгінде жаһандық экономиканың маңызды саласына айналып отыр. Қаламызда бұл бағытты дамытуға ерекше назар аударылуда.

Шымкент қаласының спортшысы Нұрғиса Әділетұлы - Әлем чемпионы!

Манамада (Бахрейн) өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін үлкен жетістік болды. Біздің атлеттер екі алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, күміс медаль да бар, бұл Қазақстан ауыр атлетикасының болашақтағы мүмкіндіктерін көрсетеді.

Сауран ауданында Рухани келісім күні аталып өтті

Таяуда Сауран ауданы әкімдігінде Рухани келісім күніне орай аудан әкімінің орынбасары Б.Букебаев дін өкілдерімен кездесті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мешіт имамдары, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің Сауран аудандық филиалының басшысы А.Раматуллаев қатысты.

Шымкентте ерекше жандар арасында байқау өтті

Шымкент қаласы «Шалқар шабыт» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтар арасындағы «Мөлдіреген жыр сезім» атты көркем сөз оқу байқауы өтті. Шара қазақ әдебиетінің көрнекті ақындары Әлібек Шегебай мен Бақытжан Алдиярдың 50 жасқа толу құрметіне орай ұйымдастырылды.

Қала әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қала кәсіпкерлерімен жыл сайынғы дәстүрлі кездесуін өткізді. Іс-шарада бизнес-қоғамдастық, салалық басқармалар, құқық қорғау және қадағалау органдары өкілдерімен ашық диалог аясында кәсіпкерлікті дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.