Кентаудағы жылу энерго орталығының жөндеу барысы тағы бір рет пысықталды

Жылыту маусымына дайындықты тоқтатпаған Түркістан облысы, Кентау қаласындағы жылыту орталығының қайта құру жұмыстары мерзімінен кешікпеу керек. Стратегиялық маңызы бар нысанда атқарылып жатқан әрбір жұмыс облыс әкімі Дархан Сатыбалдының, құзырлы орган және департамент басшыларының тікелей бақылауында. Жауапты тұлғалардың басын қосып штаб кеңесін өткізген облыс басшысы тиісті тапсырмалар берді. Жиынға құқық қорғау органдарының басшылары да қатысты.

Түркістан облысы: мереке қарсаңында қоғамдық қор Жетісайда 17 отбасыға баспана сыйлады

Жетісайлық азаматтар Конституция күні қарсаңында «Баспанаға жол» қоғамдық қайырымдылық қоры арқылы 17 отбасыға баспаналы болу бақытын сыйлады.

Баспана кілтін тапсыру рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, Облыстық мәслихат депутаты Талғат Қаржауов, Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен кәсіпкер-меценат Бахаридин Аблазимов қатысып, баспаналы болған азаматтарды құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.

– Бүгін тамаша сәттің куәсі болып отырмыз. Қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған текті халық екені белгілі. Тәуелсіз елдің бүгінгі азаматтарының ішінде қанға сіңген қасиетті, ата дәстүрді жалғастырып, дәріптеп келе жатқандары да баршылық. Көптің көмегімен мереке қарсаңында баспанаға шын мұқтаж отбасылар қуанышқа кенеліп отыр. Қоныс құтты болсын! – деді Бейсенбай Дәулетұлы.

«Жаннат сарайы» деп аталатын қос қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы 2022 жылы басталған. 16 пәтердің 12-сі екі бөлмелі болса, 4-і үш бөлмелі. Құны 350 млн теңгені құрайды.2015 жылдан бері жұмыс жүргізіп келе жатқан «Баспанаға жол» қоғамдық қайырымдылық қоры 9 жылда 29 әлеуеті әлжуаз отбасыларды үйлі еткен. Қор мүшелері баспананың ішін қажетті жиһаздармен, азық-түлікпен және күнделікті тұтыну заттарымен, отбасы мүшелерін киім-кешекпен қамтамасыз еткен. Баспаналы болған жандар жомарт жандарға алғысын жеткізді.

Аталған қор жергілікті әкімдікпен және тұрғындардың қолдауымен тағы да баспана құрылысын жалғастыруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, халқы тығыз орналасқан Жетісай ауданында баспанаға мұқтаж жандардың, соның ішінде жас мемлекеттік қызметкерлермен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар мен жетім балалар, әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтамасыз етілген отбасылар мен жалғызбасты, көпбалалы аналардың әлеуметтік мәселелерін шешеуге айқын бетбұрыс жасалып отыр.

 

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Түркістан қаласында жаңа саябақ ашылды

Түркістан қаласында Конституция күніне орай Бекзат тұрғын алабында қала тұрғындарының ұсынысына сай жаңа саябақ ашылды. Саябақтың ашылу салтанатына қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, зиялы қауым өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары қатысып, Бекзат секторы тұрғындарының қуанышына ортақтасты.

Түркістан облысы: Ордабасы ауданын дамыту тұжырымдамасы қаралды

Ордабасы ауданында қолайлы инвестициялық климат құру және экономикадағы өнеркәсіп саласын одан әрі дамытуға толық мүмкіндік бар. Атап айтқанда, мұнай-химиялық кластерді дамыту, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдары өндірісінде, өңдеуді терең пайдалану, арнайы индустриальды аймақтарды ұлғайту, жаңа технологияларды ендіру және дамыту үшін өңдеуші өнеркәсіпке шетел компанияларын тартуға басымдық беріледі.

Түркістан облысы: Созақтағы Қарақұр ауылында екі бірдей нысан ашылды

Созақ ауданындағы Қарақұр ауылында жабық футбол алаңы мен округ әкімдігінің жаңа ғимараты ашылып, тұрғындар қос бірдей қуаныштың куәсі болды. Заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа нысандардың ашылуына аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

Түркістан: индустриалды және экономикалық аймақтарда инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелері, түрлі салықтық жеңілдіктер ұсынылған

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен кездесті. Басқосуда облыстағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңыздылығын ерекше атап өткен өңір басшысы осы бағытты дамыту бойынша бірқатар жобалалармен бөлісті. Тараптар агроөнеркәсіп саласында іскерлік қарым-қатынасты орнатуға ниетті.

Түркістан: облыс әкімі ауғанстандық инвесторлармен кездесті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауғанстандық инвесторлармен кездесіп, бірқатар жаңа жобаларды талқылады. Алдағы уақытта қос тарап сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды күшейтуге уағдаласты.

Түркістанда этносаралық қарым-қатынас мәдениетін нығайту мақсатында семинар өтті

ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Сапар аясында елордадан келген қонақтар Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында «Этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері» тақырыбындағы семинарда сөз сөйлеп, пікір алмасты.