Түркістан облысында қызғалдақ пен тораңғыны қорғау акциясы өтеді
2024 жылы «Парктер шеруі» акциясының ашылуы Отырар ауданы Көксарай елді мекенінде өтеді. Бұл - жыл сайын дәстүрлі түрде табиғатты қорғау мақсатында өткізілетін акция. Аталған шара аясында 3 түрлі бастама қолға алынады. Олар: «Парктер тынысы» фотокөрмесі, «Сырдың көркі -тораңғы» атты қоқыс тазалау шарасы және «Қазақстан - қызғалдақтар отаны» акциясы. Бұл жайында брифингте «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің маманы Жұмабай Көшербай мәлімдеді.